Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP23489409 – Иондық полимерлермен саз нанобөлшектерінің жұмсақ-шыны тәрізді динамикалық корреляциясының және фазалық әрекетінің іргелі негіздерін ашу
AP23489372 – Тау жыныстарының геотехникалық жағдайын зерттеу және жер қойнауын игеру кезіндегі деформациялық процестерді болжау үшін геомеханикалық кешенді мониторинг әдістемесін әзірлеу
AP23489363 – Цифрлық технология: Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасын пәнаралық консолидациялау және интеграциялық оқытуды синергетикалық модельдеудің web-платформасы
AP23489285 – Cтугегі сынғыштығы және гелий ісіну нәтижесінде екі фазалы литий керамикасының бұзылу процестерін зерттеу
AP23489269 – Өнеркәсіптік сенімділікті қамтамасыз ету үшін жер қойнауын игеру кезінде тау жыныстары массивінің геологиялық-құрылымдық ортасының геодинамикалық жай-күйінің геотехникалық мониторингі
AP23489233 – SmartBuy Connect: AI-ға негізделген топтық сатып алу интеллектуалдық жүйесі
AP23489198 – Таужыныстары массивінің кернеулі-деформациялық жай-күйі мен орнықтылығын терең зерттеу арқылы жерасты тау-кен қазбаларын жүргізу мен бекітудің ұтымды технологиясын әзірлеу
AP23488914 – Табиғи және техногендік шикізаттардың құрамындағы өте майда түйіршікті алтындарды сандық тұрғыдан бағалау технологияларын жасау және олардың Қазақстан аймағынан табылуын болжау
AP23487822 – Бұрғылау ерітінділерінің параметрлерін өлшеуді оңтайландыруға арналған құрылғыларды зерттеу және әзірлеу
AP23487678 – Қоршаған ортаның механикалық тербелістерінің электрлік сигналдарға кең жолақты, энергияны үнемдейтін және жинақы түрлендіргішін жасау
AP23487324 – Қазақ тілін түркітілдес студенттерге цифрлық технологиялар негізінде транслингвалды аспектіде оқыту
AP23487129 – Қазақстан халқын сумен қамтамасыз ету үшін ұңғыма суларын тазартудың инновациялық жүйесін дамыту арқылы жер асты суларын өндірү мен сапасын арттыру
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту