AP23489269 – Өнеркәсіптік сенімділікті қамтамасыз ету үшін жер қойнауын игеру кезінде тау жыныстары массивінің геологиялық-құрылымдық ортасының геодинамикалық жай-күйінің геотехникалық мониторингі
Мақсаты – Бақылау нәтижелерінің дәлдігін, ғылыми-практикалық маңыздылығын арттыруға ықпал ететін өлшенетін шамалардың көріну заңдылықтарын ескере отырып, геокеңістіктік деректер, Геотехника процестері негізінде байқау әдістемесін әзірлеу жолымен ұзақ жұмыс істейтін жер қойнауын игеру кезінде Өнеркәсіптік сенімділікті қамтамасыз ету үшін тау жыныстары массивтерін, геодинамикалық Полигонның жер бетінің шөгу қарқындылығын геотехникалық мониторингтеу.
Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі Қазақстан Республикасының әлемдік минералдық-шикізат балансындағы маңызды рөлімен және жер қойнауын игеру тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Тау-кен өндірісінің қарқынды дамуы мен жаңа технологиялардың енгізілуі тау жыныстары массивтерінің геотехникалық жағдайын күшейтілген бақылауды талап етеді. Өндіру тереңдігі мен ауқымының артуы инженерлік-геологиялық жағдайлардың күрделенуіне әкеліп, деформациялар мен техногендік апаттар тәуекелін арттырады. Осындай жағдайда заманауи геомеханикалық мониторинг жүйелерін әзірлеу қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта кернеулі-деформацияланған күйді бағалау әдістері көбінесе дәстүрлі тәсілдерге негізделген және жаңа геодинамикалық процестерді толық ескере алмайды. Жер бетінің қарқынды шөгу аймақтарын анықтау өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан ерекше маңызды. Геокеңістіктік деректер мен жоғары дәлдікті геодезиялық технологияларды қолдану деформациялық процестерді дәл талдауға және болжауға жаңа мүмкіндіктер береді. Заманауи өлшеу және модельдеу технологияларын қамтитын интеграцияланған мониторинг әдістемесін әзірлеу алынатын деректердің дәлдігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға және техногендік тәуекелдердің алдын алуға негіз болады. Осылайша, жоба маңызды ғылыми-практикалық мәнге ие және тау-кен өнеркәсібінің тұрақты әрі қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ғылыми жетекші: Қауымдастырылған профессор, Мейрамбек Гульдана
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жобаның күтілетін және қол жеткізілген нәтижелері төмендегідей. Жер қойнауын игеру кезінде геотехникалық мониторинг жүргізу және өнеркәсіптік сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік геодезиялық және тірек маркшейдерлік желілер пункттерін қамтитын геодинамикалық полигон жобасы әзірленді. Ғылыми әдебиеттерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептеріне және геологиялық-маркшейдерлік құжаттамаға кешенді талдау жүргізіліп, зерттеудің әдістемелік негізі қалыптастырылды. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып аэрофототүсірілім орындалып, спутниктік технологиялар арқылы геодезиялық пункттердің координаттары анықталды. Уақыт бойынша деформациялық процестерді жоғары дәлдікпен анықтау үшін мәжбүрлі центрлеу пункттері құрылып, бекітілді. GNSS және нивелирлеу әдістерін қолдана отырып далалық бақылаулар жүргізіліп, олардың нәтижесінде кеңістіктік ығысулар анықталып, жергілікті деформациялардың үрдістері белгіленді. Ұсынылған мониторинг жүйесі жер бетіне жақын геологиялық құрылымдардың жағдайын бағалаудың жоғары дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ететіні дәлелденді. Георадарлық зерттеулер жүргізіліп, зерттеу учаскесінің үшөлшемді моделі жасалды. Георадарлық және геодезиялық деректерді біріктіру негізінде Rocscience RS3 бағдарламалық кешенінде тау жыныстары массивінің кернеулі-деформациялық күйінің сандық моделі құрылды. Деформациялық өрістердің таралуы талданып, кернеулердің шоғырлану аймақтары анықталды. Зерттеу нәтижесінде ығысу мульдаларының ықтимал эпицентрлері белгіленіп, геодинамикалық процестерді болжау мүмкіндігі және әзірленген әдістеменің практикалық маңыздылығы дәлелденді.
Жарияланымдар тізімі
- Қырғызбаева Д.М., Нұрпейісова Т.Б., Кожаев Ж.Т., Мұханбеткәрім Д.С.
Жыланды кенішіндегі геомеханикалық үдерістерді зерттеу // Горный журнал Казахстана. – 2025. – №4. – С. 20–24.
DOI: https://doi.org/10.48498/minmag.2025.240.4.009 - Мейрамбек Г., Нұрпейісова М.Б., Рысбеков Қ.Б., Қырғызбаева Д.М.
Жыланды кенiшi Сарыоба карьерiнiң беткейлерiн нығайтудың тәсiлi және ертiндiсi // Горный журнал Казахстана. – 2024. – №10. – С. 21–26.
DOI: https://doi.org/10.48498/minmag.2024.234.10.007 - Kurmanbayev O., Koishygarin A., Jangulova G., Madimarova G., Sarsembekova Z.
Concept of static measurement processing at the fabrichny base station // News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. Series of Geology and Technical Sciences. – 2025. – Vol. 3 (471).
DOI: https://doi.org/10.32014/2025.2518-170X.518