AP23489233 – SmartBuy Connect: AI-ға негізделген топтық сатып алу интеллектуалдық жүйесі
Мақсаты – жасанды интеллект (AI) технологиясына негізделген зияткерлік топтық сатып алу жүйесін құру, дәстүрлі сатып алу тәсілін түрлендіру, оны ақылдырақ, интерактивті және жекелендірілген ету.
Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі онлайн-сауданың қарқынды дамуына және кәсіпкерлер үшін өткізу арналарының кеңею қажеттілігіне байланысты. Қазіргі маркетплейстер сатып алушылардың кең аудиториясына қол жеткізуге мүмкіндік береді, алайда сатылым тиімділігін арттыру және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін жаңа шешімдерді талап етеді. Сонымен қатар, тұтынушылардың ыңғайлы, жылдам және жекелендірілген сатып алуларға деген сұранысы артып келеді. Осы жағдайларда онлайн және оффлайн сауда форматтарын біріктіретін гибридті сауда модельдерін құру өзекті болып табылады. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара әрекеттесуді автоматтандыру да ерекше маңызға ие, бұл қызмет көрсету сапасын арттыруға және шешім қабылдау процестерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын қолдану тұтынушылардың мінез-құлқын талдауға және жекелендірілген ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл сұранысты тиімді басқаруға және баға саясатын төмендетпей-ақ сатылым көлемін арттыруға ықпал етеді. Жобаның өзектілігін топтық сатып алу механизмдерін және «жанды сауда» элементтерін енгізу арттырады, оның ішінде келіссөздер, жеңілдіктер мен қарсы ұсыныстар бар. Мұндай тәсілдер пайдаланушылардың қызығушылығын арттырып, sharing economy қағидаттарына негізделген жаңа тұтыну модельдерін қалыптастырады. Сонымен қатар, финтех құралдары мен сауда механизмдерін біріктіру сауда платформаларын көпфункционалды цифрлық экожүйелерге айналдырады. Осылайша, жоба экономиканы цифрландырудың заманауи үрдістеріне сәйкес келеді және сауда тиімділігін арттыруға, сондай-ақ пайдаланушылардың қанағаттануын жақсартуға бағытталған.
Ғылыми жетекші: Техникалық ғылымдар докторы, Профессор, Өскенбаева Раиса Кәбиқызы
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Экономиканың ортақ пайдалану қағидаттарын анықтауға және топтық сатып алулардың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті қолдануды негіздеуге мүмкіндік берген кешенді әдеби және патенттік талдау жүргізілді. Машиналық оқыту әдістерін қолдану пайдаланушылардың мінез-құлқын талдау, ұсыным жүйелері және динамикалық баға белгілеу арқылы ұсыныстарды жоғары деңгейде жекелендіруді қамтамасыз ететіні анықталды. Коллаборативтік фильтрация, кластерлеу, динамикалық баға белгілеу әдістері, гибридті ұсыным жүйелері, табиғи тілдерді өңдеу (NLP) және ассоциативтік ережелер алгоритмдері сияқты негізгі алгоритмдер зерттеліп, таңдалды. Жүргізілген талдау негізінде сұраныс пен топ құрамына байланысты икемді баға белгілеуге және жекелендірілген топтық ұсыныстарға бағытталған жаңа бизнес-модельдің тұжырымдамалық негіздері қалыптастырылды. Әзірленген модель цифрландырудың заманауи үрдістерін және sharing economy қағидаттарын ескере отырып, тауарлардың қолжетімділігін арттыруға және пайдаланушылардың қатысуын күшейтуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект алгоритмдері енгізілген SuperApp бірыңғай платформасын және MiniApp мамандандырылған сервистер жиынтығын қамтитын интеллектуалды топтық сатып алу жүйесінің архитектурасы жобаланды. Пайдаланушылар үшін топтық сатып алулар, жекелендірілген мәмілелер, аукциондарға қатысу және финтех-қызметтерді пайдалану функциялары іске асырылды. Сатушылар үшін ұсыныстарды басқару, AI-негізіндегі сатуды оңтайландыру, аукциондық механизмдер және Big Data аналитика құралдары қарастырылған. Әзірленген шешімдер интерактивті және жекелендірілген сауда форматын қамтамасыз етіп, сатылым тиімділігін арттырады және электрондық коммерция саласында бәсекеге қабілетті цифрлық өнім құруға негіз болады.