24 маусым 351

AP23487324 – Қазақ тілін түркітілдес студенттерге цифрлық технологиялар негізінде транслингвалды аспектіде оқыту

AP23487324 – Қазақ тілін түркітілдес студенттерге цифрлық технологиялар негізінде транслингвалды аспектіде оқыту

Мақсаты – Түркітілдес тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгертудің жаңа аспектілерін, ұлттық тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру жолдарын, транслингвалды оқытуды қазіргі лингводидактиканың теориялық және әдіснамалық аппаратына енгізудің маңыздылығын, коммуниканттардың транслингвалды оқытуда қолданатын стратегияларын анықтап, трансмәдени құзіреттіліктер қалыптастыра, сандық технология негізінде оқытудың инновациялық жүйесін жасау көзделеді.

Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі Қазақстан жоғары оқу орындарында білім алатын түркітілдес елдерден келген студенттер санының артуымен байланысты, бұл қазақ тілін тиімді оқыту қажеттілігін күшейтеді. Қазіргі уақытта қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуға арналған оқу ресурстарының жетіспеушілігі байқалады. Әсіресе техникалық жоғары оқу орындарындағы түркітілдес студенттерге арналған транслингвальды тәсілге негізделген әдістемелік жүйенің жоқтығы өткір сезіледі. Қоғамның цифрлануы жағдайында тілдерді оқыту процесіне жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туындап отыр. Транслингвальды тәсілді қолдану тілдік ұқсастықтарды ескеруге және оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан қазақ тілін оқытудың цифрлық әдістемелік жүйесін әзірлеу өзекті әрі сұранысқа ие міндет болып табылады.

Ғылыми жетекші: Филология ғылымдарының кандидаты, Профессор, Оданова Сағира Амангелдіқызы

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба барысында түркітілдес білім алушыларға қазақ тілін оқыту жолдары талданып, транслингвальды тәсілдің әдіснамалық негіздері айқындалды. Тілдерді оқыту саласындағы отандық және шетелдік зерттеулерге шолу жасалып, жүйелендірілді, сондай-ақ заманауи білім беру технологиялары зерттелді. Ғылыми семинарлар ұйымдастырылып, Қазақстанның және шетелдің жетекші университеттеріне ғылыми іссапарлар жүзеге асырылды, бұл өзекті ғылыми материалдарды жинақтап, талқылауға мүмкіндік берді. Қазан федералды университетімен ғылыми ынтымақтастық орнатылып, тәжірибе алмасу және салыстырмалы зерттеулер жүргізілді. Транслингвальды тәсіл негізінде түркітілдес студенттерге қазақ тілін оқытудың қазақстандық моделі әзірленді. Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін дамытуға және мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған арнайы оқу тапсырмалары жасалды. Мәтіндер, жаттығулар, сондай-ақ QR-кодтар арқылы ұсынылған аудио және бейнематериалдарды қамтитын А1 деңгейіндегі оқу материалы дайындалды. Алынған нәтижелер ғылыми жарияланымдарда көрініс тауып, заманауи оқу құралын әзірлеудің негізіне айналды.

Жарияланымдар тізімі

  1. Жаксыликова К. Б., Оданова С. А., Үдербаев А. Ж., Ускенбаева Р. М., Шахажанова Г. К.
    Транслингвизм және қазақ тілі: жаһандық тәжірибе мен ұлттық сабақтастық // Торайғыров университетінің «Хабаршысы». – 2025. – № 3. – С. 203–215. – DOI: https://doi.org/10.48081/PQBZ6220  
  2. Odanova S. A., Moldabayeva K. E., Tattibayeva A. E.
    Translingualism in teaching Kazakh as a second foreign language: modeling academic writing // Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ-нің Хабаршысы. – 2025. – Т. 76. – № 1. – С. 461–483. – DOI: https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.027
  3. Оданова С., Ибраймова Л., Молдабаева Қ.
    Транслингвизм және жасанды интеллект: икемді дағдыларды (soft skills) дамытудың жаңа мүмкіндіктері // Тілтаным. – 2025. – № 3. – С. 74–86. – DOI: https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-74-85
  4. Оданова С.
    Абай тілі және түркі тілдеріне ортақ фонетикалық құбылыстар: тарихи-салыстырмалы зерттеу // Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Нукус, 2025. – С. 238–248. – DOI: https://doi.org/10.5281/zenodo.15272098
  5. Оданова С., Жақсылықова К., Шойбекова Ғ., Ибраймова Л., Өмірзақова А., Өскенбаева Р., Сатинбекова М.
    Қазақ тілі. Қарапайым деңгей А1. – Алматы: Қазына, 2025. – 219 б. – ISBN 978-601-08-5554-0
  6. Үдербаев А., Оданова С., Әбсаттар Ә.
    Қазақ тілінің ассоциативтік оқу сөздігі. – Алматы: Қазына, 2025. – 136 б. – ISBN 978-601-08-5555-7
  7. Оданова С. А., Жаксыликова К., Шойбекова Г. Б., Ибраймова Л. А., Омурзакова А. К., Ускенбаева Р. М., Сатинбекова М. М.
    Қазақ тілі ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙ (А1) (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ түркітілдес студенттерге арналған): авторское свидетельство № 62299. – Казахстан, 2025.
  8. Үдербаев А. Ж., Оданова С. А., Әбсаттар Ә. М.
    Қазақ тілінің ассоциативтік оқу сөздігі (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ түркітілдес студенттерге арналған): авторское свидетельство № 62309. – Казахстан, 2025.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту