Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP23490633 – Гидрометаллургиялық өндірісте технологиялық ерітінділерден ілеспе бағалы компоненттерді алу
AP23490423 – Жер асты СО2 сақтауға арналған сулы горизонттардың геологиялық түзілімдерін анықтау мақсатында Іле шөгінді бассейнін кешенді зерттеу
AP23490117 – Темір оксидінің пигменттерін және ультрадисперсті металл ұнтақтарын алу үшін пирит концентраттарын кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу
AP23489999 – Климаттық динамика жағдайында аумақтарды бейімді аудандастыру үшін интеллектуалды технология мен цифрлық платформаны дамыту
AP23489830 – Темір оксидінің пигменттерін және ультрадисперсті металл ұнтақтарын алу үшін пирит концентраттарын кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу
AP23489821 – Каспий маңы синеклизасының оңтүстік-шығыс бортымен Орал Мұғалжарының мұнайгазтуындатуш түзілімдерді геологиялық-геохимиялық, микротермометриялық зерттеу және жаңа ресурстарының болжауы
AP23489790 – Су буының критикалық және аса критикалық параметрлері кезінде су буының әртүрлі маркалы бериллидтермен әрекеттесуін зерттеу
AP23489765 – Құрамында күкірті бар жаңа улы емес реагенттер негізінде тотыққан кендерді байыту технологиясын жетілдіру
AP23489740 – СО2 айдау ұңғымаларының қабылдағыштық қабілетіне тұздардың тұнуының әсерін зерттеу және СО2 тиімді секвестрациялау үшін тұз тұнуы моделін жетілдіру
AP23489574 – Қайта пайдаланылатын су үшін баяу фильтрациямен еріген органикалық заттар мен микропластиктерді тиімді кетіруге арналған модификацияланған белсендірілген көмір сүзгісі
AP23489493 – Алматы және Астана қалаларының жер үсті суларындағы микро/нанопластиктердің мониторингі және оларды жою үшін мембраналарды қолдану
AP23489432 – Қазақстандағы марганец кендерін байыту қалдықтарына негізделген жаңа конверсиялық коррозияға қарсы жабындар
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту