AP23489198 – Таужыныстары массивінің кернеулі-деформациялық жай-күйі мен орнықтылығын терең зерттеу арқылы жерасты тау-кен қазбаларын жүргізу мен бекітудің ұтымды технологиясын әзірлеу
Мақсаты – Тау-кен қазбаларын жүргізу жылдамдығын жоғарылату және күрделі шығындарды азайту мақсатында таужыныстары массивінің кернеулі - деформацияланған жай - күйін егжей - тегжейлі зерттеу арқылы күрделі тау-кен - геологиялық және тау-кен техникалық жағдайларында жазық тау-кен қазбаларын жүргізу мен бекітудің ұтымды технологиясын әзірлеу.
Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі өндіру тереңдігінің артуы және тау-кен-геологиялық жағдайлардың күрделенуі жағдайында минералдық ресурстарды тиімді әрі қауіпсіз игеру қажеттілігімен байланысты. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің қазіргі дамуы жерасты кен қазбаларын салу және пайдалану үшін жаңа технологиялық шешімдерді енгізуді талап етеді. Бір типті бекітпе түрлерін қолданудың қолданыстағы тәжірибесі тау жыныстары қасиеттерінің өзгергіштігін ескермейді, бұл деформациялар қаупін арттырып, қазбалардың тұрақтылығын төмендетеді. Тау жыныстары массивінің геомеханикалық сипаттамалары мен тектоникалық бұзылыстарын ескере отырып, дифференциалданған бекіту әдістерін әзірлеу ерекше маңызға ие. Жобаны іске асыру тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін арттыруға, технико-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға және тау-кен саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ғылыми жетекші: Техникалық ғылымдар кандидаты, Қауымдастырылған профессор, Алменов Талғат Мақұлбекұлы
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жобаның күтілетін және қол жеткізілген нәтижелері тау жыныстары массиві бойындағы бұзылуға бейім учаскелердің шекараларын сандық модельдеу әдістері негізінде анықтауды, массивті тұрақтылық дәрежесі бойынша аудандастыруды және қауіпті аймақтарды бөліп көрсетуді, сондай-ақ жерасты тау-кен қазбаларын қауіпсіз жүргізу мен бекітуді негіздеу үшін тау жыныстары массивінің кернеулі-деформациялық күйін анықтауды қамтиды. Сонымен қатар, нақты учаскелердің геомеханикалық жағдайларын ескере отырып, бекітудің ұтымды түрлерін әзірлеу және заманауи бағдарламалық кешендер мен дәстүрлі тәсілдерді қолдану арқылы тұрақтылықты талдаудың кешенді әдістемесін қалыптастыру көзделді. 2025 жылы Midas GTS NX, Rocscience RS2/RS3 және Ansys бағдарламаларын қолдана отырып, бұзылуға бейім учаскелердің шекараларын анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді, сондай-ақ массивтің тұрақтылық дәрежесі бойынша аудандастыру орындалып, ықтимал бұзылу аймақтары айқындалды. Бескемпір кен орнының +230 м горизонты деңгейіндегі штрек және оған іргелес тау жыныстары массиві зерттеліп, кернеулі-деформациялық күйдің модельдері құрылды және кернеулердің шоғырлану аймақтары анықталды. Алынған нәтижелер негізінде жекелеген учаскелердің геомеханикалық жағдайларына бейімделген аралас бекіту жүйелері ұсынылды. RMR, Бартонның Q-жүйесі және СНиП әдістерін қолдану арқылы массивтің тұрақтылығы талданып, тау жыныстары тұрақтылық санаттары бойынша жіктелді және әрбір учаске үшін бекітудің ұтымды параметрлері анықталды. Тау қысымының есептеулері жүргізіліп, тау жыныстарының физикалық қасиеттері мен тектоникалық жарықшақтардың әсерін ескере отырып, бекітудің конструкциялары негізделді. Сонымен қатар, геомеханикалық процестер зерттеліп, деформацияларды болжау және жерасты қазбаларының опырылуын алдын алу шаралары қарастырылды. Алынған нәтижелер сандық модельдеуді және кешенді тәсілді қолданудың тиімділігін дәлелдейді. Жалпы алғанда, 2025 жылға жоспарланған барлық міндеттер толық көлемде орындалды, ал нәтижелер тау-кен өнеркәсібі үшін жоғары ғылыми-практикалық маңызға ие.
Жарияланымдар тізімі
- Almenov T., Zhanakova R., Sarybayev M., Shabaz D.-M.
A Novel Approach to Selecting Rational Supports for Underground Mining Workings // Civil Engineering Journal. – 2025. – Vol. 11, No. 3. – P. 1217–1241.
DOI: http://dx.doi.org/10.28991/CEJ-2025-011-03-022 - Almenov T.M., Zhanakova R.K., Askarova G.E., Shautenov M.R., Amantayuly K.
Comprehensive assessment of ore losses and dilution impacting Vasilkovsky gold deposit profitability // News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. Series of Geology and Technical Sciences. – 2025. – Vol. 4, No. 472. – P. 27–45.
DOI: https://doi.org/10.32014/2025.2518-170X.528 - Жанакова Р.К., Алменов Т.М., Сарыбаев М.М.
Исследование напряженно-деформированного состояния горных пород вокруг транспортного штрека на примере Акбакайского рудного поля // Труды университета. – 2025. – №2 (99). – С. 74–79.
DOI: https://doi.org/10.52209/1609-1825_2025_2_74 - Жанакова Р.К., Алменов Т.М., Сарыбаев М.М.
Особенности инженерно-геологических условий Бескемпирского месторождения и влияние на строительство горных выработок // Труды университета. – 2025. – №3 (100). – С. 108–112.
DOI: https://doi.org/10.52209/1609-1825_2025_3_108 - Almenov T., Zhanakova R., Sarybayev M., Seutkazynova B., Shabaz D.-M., Nurperzent B.
Innovative Compositions of Shotcrete Mixtures for Reinforcement of Underground Mine Excavations // HighTech and Innovation Journal. – 2025. – Vol. 6, No. 4.
ISSN: 2723-9535. – (на стадии публикации).