Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

BR18574141 — Қазақстан өнеркәсібі үшін энергетикалық секторда және машина жасауда энергия тиімділігін арттыру және ресурстарды үнемдеу бойынша кешенді көп мақсатты бағдарлама
AP25795671 – Көліктік тапсырмалардың көп өлшемділігін ескере отырып, Қазақстан темір жолдар желісіндегі вагон ағындарын ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу
AP25796241 – Алматы облысында электр энергиясының тапшылығын және желінің тұрақтылығын шешу үшін жэк-ті зияткерлік болжау құралын әзірлеу
AP25793497 – Құбырдағы ағып кетулерді автоматты түрде анықтау: Қозғалмайтын қанатты дрондардың термиялық бейнелері және конволюциялық нейрондық желілерді қолдану
AP25794497 – Индустрия 4.0 технологияларын Қазақстандағы сәулет және құрылыс біліміне интеграциялау
AP25794391 – Механикаландырылған мұнай ұңғымаларының жағдайын бақылау, диагностикалау және болжамды талдау үшін Machine Learning әдістерін зерттеу және енгізу
AP25794279 – Құрамында күл бар модификацияланған ұсақ түйіршікті бетон
AP25794615 – Механикалық қасиеттері жақсартылған қайталама алюминий қорытпаларын өндіруді оңтайландыру әдістерін зерттеу және әзірлеу
AP25796413 – Қазақстандағы қатты пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру аймақтарында геодинамикалық мониторингтің тиімділігін қамтамасыз ету үшін ғылыми-тәжірибелік процедуралардың бірыңғай технологиялық ретін әзірлеу
AP26198529 – 3D үлгісін басып шығару және балқытылатын үлгіні құю арқылы күрделілігі жоғары алюминий құймаларын өндіру технологиясын әзірлеу
AP26198535 – Деректердің үлкен массивін талдау мен қиылысатын кенорындардың сандық модельдеу желісінің негізінде бағалы металдарды қауіпсіз жабық түрде өндіруді қамтамасыз ету
AP26198837 – Сейсмикалық қауіпті аймақтардағы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылаудың инновациялық әдістері мен құралдарын әзірлеу арқылы геотехникалық мониторинг жүргізу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту