12 сәуір 31

AP25796241 – Алматы облысында электр энергиясының тапшылығын және желінің тұрақтылығын шешу үшін жэк-ті зияткерлік болжау құралын әзірлеу

AP25796241 – Алматы облысында электр энергиясының тапшылығын және желінің тұрақтылығын шешу үшін жэк-ті зияткерлік болжау құралын әзірлеу

Мақсаты – Жасанды интеллект пен математикалық модельдеу әдістерін пайдалана отырып, жаңартылатын энергия көздерінің генерациясын болжаудың жоғары тиімді жүйесін құру. Бұл күн және жел энергиясының күтілетін өндірісін дәл бағалауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жаңартылатын энергия көздерін қолданыстағы энергетикалық жүйеге оңтайлы интеграциялауды қамтамасыз етеді, желінің ауытқуы мен энергияны жоғалту тәуекелдерін барынша азайтады.

Жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда Алматы облысында электр энергиясының тапшылығы және желі тұрақтылығы мәселесі өзекті болып отыр. Аймақтың энергия тұтынуының жоғары болуы және электр энергиясын тасымалдау кезіндегі шығындар бұл проблеманы күшейтеді. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздерін енгізу желінің тұрақтылығына қосымша қиындықтар туғызады. Осыған байланысты ЖЭК өндірісін зияткерлік болжау және энергия жүйесін тиімді басқару маңызды міндет болып табылады.

Ғылыми жетекші: PhD, Бекболатова Жаннат Кайырқызы.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жобаның соңында Алматы облысының климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жел және күн энергиясын болжайтын коммерцияландыру әлеуеті бар онлайн құрал әзірленеді. Бастапқы болжамдық модельдер (ARMA) жасалып, олардың сапасы RMSE арқылы бағаланды. ЖЭК интеграциясын оңтайландыруға және энергия жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік беретін нақты шешімдер ұсынылды. Стохастикалық сценарийлерде есептік жүктемені азайту үшін Кантарович қашықтығы метрикалары енгізілді. Жоба нәтижелері ғылыми жарияланымдар мен аналитикалық есептерге негізделеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту