10 сәуір 39

AP25794279 – Құрамында күл бар модификацияланған ұсақ түйіршікті бетон

AP25794279 – Құрамында күл бар модификацияланған ұсақ түйіршікті бетон

Мақсаты – Күл мен басқа да белсенді компоненттерді қамтитын кешенді қоспаны қолдана отырып, оның құрылымын өзгерту арқылы ұсақ түйіршікті бетонның пайдалану қасиеттерін арттыру. Жұмыс осы модификацияланған бетонның беріктік сипаттамаларын, аязға төзімділігін және агрессивті әсерлерге төзімділігін зерттеуге, сондай-ақ нақты құрылыс жағдайында мұндай қоспаны қолдану тиімділігін бағалауға бағытталады.

Жобаның өзектілігі: Қазақстанда құрылыс саласының қарқынды дамуы және ұсақ түйіршікті бетондарға сұраныстың артуымен байланысты. Сонымен қатар, жылу электр станцияларынан шығатын күл-қож қалдықтарының көбеюі экологиялық мәселелер туындатуда. Осы қалдықтарды бетон құрамында пайдалану табиғи ресурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Құрамында күлі бар модификацияланған бетонды әзірлеу оның беріктігі мен төзімділігін арттыруға ықпал етеді. Сондықтан бұл зерттеу ғылыми және практикалық тұрғыдан өзекті болып табылады.

Ғылыми жетекші: PhD, Бердіқұл Назерке Иманәліқызы

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба аясында құрамында күлі бар модификацияланған ұсақ түйіршікті бетонның оңтайлы құрамдарын әзірлеу, оның беріктік, ұзақ мерзімділік және агрессивті ортаға төзімділік қасиеттерін арттыру күтіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша халықаралық ғылыми журналдарда кемінде екі мақала жариялау және патентке өтінім беру жоспарланған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Алматы ЖЭО ұшпа күлі негізінде 25 бетон құрамы әзірленді. Белсендірілген күл бетонның беріктігі мен реологиялық қасиеттерін жақсартатыны анықталды, ал оның оңтайлы мөлшері 5 % екені дәлелденді. Күлдің химиялық және минералдық құрамы зерттеліп, механоактивацияның тиімділігі расталды. Әзірленген құрамдар құрылыс саласында қолдануға ұсынылады.

Жарияланымдар тізімі

  1. Akmalaiuly, K., Kanarbay, A. U., & Rakimdzhanov, D., Berdikul, N. I. (2025). 3D printing of fine-grained concrete with nano-blend. QazBSQA Khabarshysy, 2(96). DOI: https://doi.org/10.51488/1680-080X/2025.2-05
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту