AP26198837 – Сейсмикалық қауіпті аймақтардағы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылаудың инновациялық әдістері мен құралдарын әзірлеу арқылы геотехникалық мониторинг жүргізу
Мақсаты – барлық табиғи және техногендік факторларды есепке алуды және талдауды, сондай-ақ авторлар әзірлеген геотехникалық мониторинг әдістері мен құралдарын пайдалануды көздейтін, бақылау нәтижелерінің дәлдігін, дұрыстығын, тиімділігі мен ғылыми-практикалық маңыздылығын арттыруға ықпал ететін кешенді мониторинг жүйесі негізінде ғимарат пен инженерлік құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.
Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі сейсмикалық белсенді аймақтарда құрылыс пен ғимараттарды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты, себебі жер бетінің қазіргі қозғалыстары салдарынан қирау қаупі жоғары. Урбанизацияның өсуі және инфрақұрылымның дамуы табиғи және техногендік факторларды ескеретін сенімді геотехникалық мониторинг жүйелерін енгізуді талап етеді. Кешенді және жоғары дәлдікті бақылау әдістерінің жеткіліксіздігі апаттар қаупін және елеулі экономикалық шығындарды арттырады. Жоба инновациялық технологияларды енгізуді және геодинамикалық полигондарды құруды ұсынады, бұл мониторингтің дәлдігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Қауіпті геопроцестерді болжау және төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, жобаны іске асыру Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға және отандық зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Ғылыми жетекші: Техникалық ғылымдар кандидаты, Доцент, Нурпеисова Төлеужан Байболқызы
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба аясында ғимараттардың деформацияланған күйін бақылауға арналған мемлекеттік және тірек геодезиялық желілер пункттерін қамтитын геодинамикалық полигон жобаланды. Қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары орындаған ғылыми әдебиеттерге, зерттеу есептеріне және жобалық құжаттарға кешенді талдау жүргізілді. Зерттелетін нысандар аумағындағы геологиялық-тектоникалық және сейсмикалық жағдайлар зерделеніп, мониторинг параметрлері негізделді. Мемлекеттік геодезиялық желі, тірек желілер және бақылау станцияларының реперлерін анықтау мақсатында зерттеу аумақтарында топографиялық түсірілім жұмыстары орындалды. Деформациялар туралы дәл мәліметтер алу үшін кеңістіктік геодезиялық өлшеулер жүргізілді. Зерттеу тақырыбы бойынша патенттік ізденіс жүргізіліп, өнертабысқа өтінім берілді (кіріс №2025-89065). Ғылыми еңбекке авторлық куәлік алынды (№63567, 2025 жылғы 29 қазан). Қол жеткізілген нәтижелер геотехникалық мониторинг жүйесін одан әрі дамытуға және инженерлік құрылыстардың сенімділігін арттыруға негіз қалайды.
Жарияланымдар тізімі
- Нурпеисова Т.Б., Мадимаров Ж.Е., Мадимарова Г.С., Ормамбекова А.Е.
Мониторинг вертикальных деформаций земной поверхности на Алматинском геодинамическом полигоне методом повторного нивелирования : авторское свидетельство № 63567. – Казахстан, 2025. - Нурпеисова Т.Б., Нурпеисова М.Б., Рысбеков К.Б., Мейрамбек Г., Мадимарова Г.С., Ормбекова А.Е., Мадимаров Ж.Е., Нукарбекова Ж.М., Ормамбеков Е.Ж.
Подземный постоянный опорный пункт принудительного центрирования : заявка на изобретение № 412964. – Казахстан, 2025. – Срок действия до 02.06.2026. – Патентообладатель: Некоммерческое акционерное общество «Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева».