AP25795671 – Көліктік тапсырмалардың көп өлшемділігін ескере отырып, Қазақстан темір жолдар желісіндегі вагон ағындарын ұйымдастыру әдістемесін әзірлеу
Мақсаты – Теміржол саласының көліктік-логистикалық инфрақұрылымының өзгеруі жағдайында көлік міндеттерінің көп өлшемшарттылығын ескере отырып, Қазақстан темір жолдары желісіндегі вагонағындарын ұйымдастырудың жетілдірілген әдістемесін әзірлеу.
Жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамыту және халықаралық дәліздердегі рөлін күшейту өзекті мәселе болып табылады. Теміржол көлігінің жүк айналымындағы жоғары үлесі және инфрақұрылымдық жүктеменің артуы саланың тиімділігін арттыруды талап етеді. Сонымен қатар, ірі логистикалық жобалар мен вагон ағындарының өсуі өткізу қабілетін оңтайландыру қажеттілігін туындатады. Осыған байланысты теміржол желісіндегі тасымалдау процестерін жетілдіру маңызды болып табылады.
Ғылыми жетекші: Техника ғылымдарының магистрі, Нұржаубаев Мейрам Маханұлы.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба аясында «ҚТЖ» ҰК АҚ тасымалдау қызметіне кешенді бағалау жүргізіліп, теміржол инфрақұрылымының қазіргі жағдайы талданды. Алматы өңіріндегі теміржол телімдерінің өткізу қабілетін арттырудың оңтайлы нұсқалары мен вагон ағындарын ұйымдастырудың жетілдірілген әдістемесі әзірленді. Зерттеу барысында негізгі «тар жерлер» анықталып, тиімділікті арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-технологиялық шешімдер ұсынылды. Әзірленген әдістеме экономикалық тұрғыдан негізделіп, тасымалдау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жоба нәтижелері ғылыми жарияланымдар мен конференциялар арқылы таратылды.