Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP27511149 – Қазақстан гранитоидтарын сирек металдардың ресурстарын толықтыру көздері ретінде геологиялық-минералогиялық зерттеу
BR28713099 – Дербестендірілген кредиттік сервис арқылы экономикалық теңсіздікті азайту және азаматтардың қаржылық тұрақтылығын арттыру үшін инновациялық сервисті әзірлеу
BR28713691 – 3D модельдеуге, цифрлық егіздерге және 3D прототипіне негізделген конструкторлық құжаттаманы әзірлей отырып, әртүрлі қолданбаларға арналған ортадан тепкіш сорғыларды жобалау технологиясын әзірлеу
BR27198045 – Заманауи жабындар мен электрохимиялық қосымшалар үшін электрохимиялық тотықсыздандырылған графен оксидіне негізделген нанокомпозиттерді әзірлеу
BR27199103 – Қайта өңделетін қағаз бен биомасса қалдықтарынан бейімделетін және күшейтілген қорғаныс қасиеттері бар экологиялық таза қаптама материалдарын әзірлеу
BR27199301 – Қоршаған ортаны ластаушы заттардан және климаттың өзгеруінен қорғаудың климаттық бейтарап жаңа материалдары, озық технологиялары және әдістерің әзірлеу
AP19677216 — Қышқыл мен сілті регенерацияланатын натрийдің вольфраматы мен сульфатты ерітінділерін электродиализбен өңдеу технологиясын және аппаратурасын зерттеп әзірле
AP19680182 — Ақтөбе кен орнының құрамында алтыны бар қиын байытылатын шикізатын кешенді байыту мен өңдеудің тиімді технологиясын әзірлеу
BR28713711 – Пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі қалдықтардан және жергілікті сазды шикізат ресурстарынан қолдана отырып, инновациялық құрылыс материалдарын өндіруді ұйымдастыру және технологияларды әзірлеу
BR28713007 – Жаңартылатын энергия көзі (ЖЭК) ретінде тікелей пайдалану үшін Қазақстанның оңтүстігіндегі шөгінді бассейндердің геотермалдық ресурстарын зерттеу
BR28713375 – Қашықтықтан мониторинг жүргізуге арналған көп мақсатты роботты ұшқышсыз ұшу платформасы (AeroScope)
AP26193911 – Өсімдіктердегі этилендік стресті төмендету үшін АЦК деаминаза өндіретін бактериялардан синтетикалық микробиомаларды ғылыми негіздеу, әзірлеу және сынау
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту