31 наурыз 70

BR27199301 – Қоршаған ортаны ластаушы заттардан және климаттың өзгеруінен қорғаудың климаттық бейтарап жаңа материалдары, озық технологиялары және әдістерің әзірлеу

BR27199301 – Қоршаған ортаны ластаушы заттардан және климаттың өзгеруінен қорғаудың климаттық бейтарап жаңа материалдары, озық технологиялары және әдістерің әзірлеу

Мақсаты – Климаттық бейтарап жаңа материалдарды, қоршаған ортаны және адамның тіршілік ету ортасын техногендік ластаушы заттардан және климаттық өзгерістерден қорғаудың озық технологиялары мен әдістерін әзірлеу.

Жобаның өзектілігі: Ауыз су мен топырақтың ластануы – жаһандық денсаулыққа қауіп төндіретін өзекті мәселе, сондықтан патогендер, химиялық және радиологиялық ластағыштарды қауіпсіз деңгейге дейін төмендететін қолжетімді әрі тиімді шешімдер қажет. Климаттың өзгеруі мен табиғи апаттар (мысалы, 2024 жылғы су тасқыны) судан таралатын індеттер мен улы заттардың таралу қаупін күшейтіп, ластануды кешенді түрде шешуді талап етеді. Осыған байланысты жоба қоршаған ортаны қорғауға бағытталған климатқа бейтарап материалдар мен технологияларды әзірлеуді және адам ағзасындағы токсиндерді азайтатын қауіпсіз энтеросорбент жүйелерін құруды көздейді..

Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Профессор, Тоқтарбай Жексенбек

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Көміртекті, бейорганикалық, био- және гибридті сорбенттерді жеміс-көкөніс пен ағаш өңдеу қалдықтарынан алу әдістері әзірленіп, суды тазартуға арналған нано- және микробөлшектермен толықтырылған полимерлік гель-гибрид материалдар жасалады. Осы негізде суды химиялық және микробиологиялық ластанудан тазартуға арналған кешенді технологиялар (сорбция, ион алмасу, фотокатализ, озондау, плазма және т.б.) мен зертханалық прототиптер әзірленіп, сыналады. Сонымен қатар тазарту механизмдері, синергетикалық әсерлер, микропластикті қоса алғанда ластағыштар мониторингі, топырақ пен суды тазарту әдістері, жаңа каталитикалық және энтеросорбент материалдар зерттеледі. Жоба нәтижесінде ғылыми мақалалар, монография жарияланып, патенттер алынып, циклдік технологияларға көшу бойынша экологиялық және экономикалық тиімділігі бағаланған ұсынымдар әзірленеді..

Жарияланымдар тізімі

  1. Guo X., Yeszhan Y., Bexeitova K., Toshtay K., Toktarbay Z., Lee J., Azat S. Photocatalytic degradation of microplastics in aquatic system using metal and non-metal-doped TiO₂ catalyst // Journal of Water Process Engineering. – 2025. – Vol. 79. – P. 108956. DOI: https://doi.org/10.1016/j.jwpe.2025.108956
  2. Yeszhan Y., Bexeitova K., Yermekbayev S., Toktarbay Z., Lee J., Berndtsson R., Azat S. Photocatalytic degradation of microplastics in aquatic environments: materials, mechanisms, practical challenges, and future perspectives // Water. – 2025. – Vol. 17. – P. 2139. DOI: https://doi.org/10.3390/w17142139
  3. Bissenova M., Idrissov N., Kuspanov Z., Umirzakov A., Daulbayev Ch. Hybrid adsorption–photocatalysis composites: a sustainable route for efficient water purification // Materials for Renewable and Sustainable Energy. – 2025. – Vol. 14. – P. 44. DOI: https://doi.org/10.1007/s40243-025-00319-5
  4. Altynov Y., Tlektesova D., Sapargali I., Azat S., Toktarbay Z., Kudaibergenov K. Performance comparison of agricultural waste-derived carbonized sorbents for phenol adsorption // Engineered Science. – 2025. DOI: https://dx.doi.org/10.30919/es1840
  5. Кунарбекова М., Алипулы М., Сеймуханова Л., Сапаргали И., Каныкешова А., Азат С. Synthesis and characterization of N-doped activated carbon/TiO₂ composite // Combustion and Plasma Chemistry. Physics and Chemistry of Carbon and Nanoenergetic Materials: материалы XVI международного симпозиума. – Алматы: Институт проблем горения, 2025. – С. 126–128. ISBN 978-601-323-422-9.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту