AP27511149 – Қазақстан гранитоидтарын сирек металдардың ресурстарын толықтыру көздері ретінде геологиялық-минералогиялық зерттеу
Мақсаты – Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты – Қазақстан гранитоидты магмалық тау жыныстарын жаңа түрдегі минералды шикізаттың дәстүрлі емес көздері ретінде зерттеу, соның ішінде өнеркәсіптік қызығушылық тудыратын сирек және шашыраңқы элементтерді қамтитын олардың акцессорлық минералдарын зерделеу.
Жобаның өзектілігі: Жобаның мақсаты – Қазақстандағы гранитоидты магмалық жыныстарды сирек металдар мен сирек жер элементтерінің жаңа минералдық шикізат көздері ретінде зерттеу. Бұл элементтер жоғары технологиялық өндірістер үшін маңызды болғанымен, гранитоидтардың әлеуеті әлі жеткілікті зерттелмеген, әсіресе олардың акцессорлық минералдарындағы құрам. Қазақстанда гранитоидтар кең таралған және көптеген кен орындарымен байланысты болғандықтан, оларды дәстүрлі құрылыс материалы ретінде ғана емес, стратегиялық шикізат көзі ретінде қарастыру қажет. Жобаның жаңалығы – гранитоидтарды сирек металдар мен сирек жер элементтерінің дәстүрлі емес көзі ретінде зерттеу және олардың минерагенетикалық әлеуетін анықтау.
Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Қауымдастырылған профессор, Кембаев Мақсат Кенжебекұлы
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Қазақстан гранитоидтарын сирек және сирек жер элементтерінің табиғи көздері ретінде геология-минералогиялық зерттеу жүргізу елдің минералдық-шикізат базасын толықтыруға бағытталған. Зерттеулер нәтижесінде гранитоид массивтеріндегі сирек металды минералдардың түзілу заңдылықтары анықталып, олардың ресурстық әлеуеті бағаланып, перспективалы аудандар белгіленеді. Жобаның негізгі нәтижесі – сирек металдар ресурстық базасын кеңейту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу. Жоба аясында Web of Science және Scopus базаларында, сондай-ақ ҒЖБССҚЕК тізіміндегі басылымдарда бірнеше ғылыми мақалалар жариялау жоспарланған. Жобаның әлеуметтік-экономикалық әсері – инвестициялар тарту, жұмыспен қамтуды арттыру және геология саласының өндірістік әлеуетін нығайту. Ғылыми нәтижелер жер қойнауын пайдаланушылар, инвесторлар және мемлекеттік органдар тарапынан қолдануға бағытталады және жаңа дәстүрлі емес шикізат көздерін игеруге мүмкіндік береді. Жоба экологиялық тұрғыдан тұрақты және ұтымды жер қойнауын пайдалану қағидаттарына негізделген, ал нәтижелері ғылыми жарияланымдар, монографиялар және техникалық құжаттар арқылы таратылады.
Жарияланымдар тізімі
- Джунусов М. А. Exploring rare earth elements in Northern Kazakhstan: The potential of ion-adsorption clays and coals as unconventional sources / М. А. Джунусов, M. Junussov, M. K. Kembayev, M. Kokkuzova, A. Baisalova, Z. T. Umarbekova, R. Abirov, S. E. Rais, A. Amantayev // Acta Geochemica. – 2025. – DOI: https://doi.org/10.1007/s11631-025-00828-0. – ISSN 2365-7499.