BR28713691 – 3D модельдеуге, цифрлық егіздерге және 3D прототипіне негізделген конструкторлық құжаттаманы әзірлей отырып, әртүрлі қолданбаларға арналған ортадан тепкіш сорғыларды жобалау технологиясын әзірлеу
Мақсаты – Әртүрлі қолданысқа арналған консольдік және батпалы сорғыларды жобалау технологияларын әзірлеу, сонымен қатар жұмыс дөңгелегінің негізгі геометриялық және кинематикалық параметрлерін гидравликалық есептеу әдісі, сорғының жұмыс дөңгелегі мен қалақтарының пішінін оңтайландыру үшін гидродинамикалық әдістері, конструкциялық бөлшектердің беріктігін аналитикалық әдістермен анықтау, терең машиналық оқыту және 3D прототиптеу негізінде жобалық-конструкторлық құжаттамасын дайындау.
Жобаның өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстандағы сорғы жасау зауыттары отандық конструкторлық құжаттаманың болмауына байланысты шетелдік ұйымдарға тәуелді, бұл өнімнің өзіндік құны мен бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді. Бағдарламаны іске асыру сорғыларды толық цикл бойынша ел ішінде өндіруге мүмкіндік беріп, кәсіпорындардың сыртқы нарықтағы позициясын күшейтеді. Сонымен қатар бұл инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Сорғы жабдықтарының технологиялық деңгейін көтеру және Құзыретті орталық құру елдің экономикалық күрделілік индексінің өсуіне әсер етеді.
Ғылыми жетекші: Физика-математика ғылымдарының докторы, Профессор, Калтаев Айдархан
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба аясында CHP және HK типті консольдық және суасты сорғыларының сенімділігі мен гидравликалық тиімділігіне әсер ететін негізгі конструктивтік параметрлер анықталып, олардың геометриялық және кинематикалық сипаттамаларын есептеу әдістері әзірленеді. Әртүрлі пайдалану және конструктивтік факторлардың әсеріне параметрлік зерттеулер жүргізіліп, ANSYS CFX, COMSOL және жоғары өнімді есептеу технологиялары арқылы гидродинамикалық модельдер мен оңтайландыру есептері орындалады. Сонымен қатар, АЖЖ/САМ негізінде сорғы бөлшектерін жобалау әдістемесі әзірленіп, CHP және HK типті сорғыларға арналған жобалық-конструкторлық құжаттама жасалады. Жоба шеңберінде бұзбай бақылау әдістері мен бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп, сондай-ақ жоғары білікті мамандар даярланады..