30 наурыз 49

BR28713711 – Пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі қалдықтардан және жергілікті сазды шикізат ресурстарынан қолдана отырып, инновациялық құрылыс материалдарын өндіруді ұйымдастыру және технологияларды әзірлеу

BR28713711 – Пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі қалдықтардан және жергілікті сазды шикізат ресурстарынан қолдана отырып, инновациялық құрылыс материалдарын өндіруді ұйымдастыру және технологияларды әзірлеу

Мақсаты – Жер қойнауын пайдаланудан қалған қалдықтардан және агроөнеркәсіп қалдықтарынан құрылыс материалдарын инновациялық өндіру технологиясын құру және енгізу.

Жобаның өзектілігі: Зерттеудің өзектілігі Экпенді кен орнындағы мәрмәрленген әктас қалдықтарын тиімді пайдалану қажеттілігімен және құрылыс саласында ресурсты үнемдеу мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеттерімен байланысты. Қазақстанда мәрмәр фактуралы кірпіш өндірісінің болмауы отандық технологияларды әзірлеу және өндірісті жергіліктендіру қажеттігін көрсетеді. Жергілікті шикізатты пайдалану құрылыс материалдарының ассортиментін кеңейтіп, импортқа тәуелділікті азайтып, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру, соның ішінде бірлескен кәсіпорын құру, инвестициялар тартуға, бизнесті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді..

Ғылыми жетекші: Техникалық ғылымдар кандидаты, қауымдастырылған профессор, Орынбеков Елжан Серикович

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Экпенді кен орнындағы мәрмәрленген әктас қалдықтарынан мәрмәр-текстуралы кірпіштер әзірленіп, шикізат талданып, гиперпресстеу технологиясы мен параметрлері оңтайландырылады, сондай-ақ беріктік пен ұзақ мерзімділік зерттеледі. Сонымен қатар отқа төзімді саздардың қасиеттері анықталып, керамикалық клинкер бұйымдарының құрамы, күйдіру режимдері және функционалдық сипаттамалары зерттеліп, өндіріс технологиясы әзірленеді. Өндірістік процестерді жетілдіру үшін қоймалау жүйесін роботтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиялық регламенттер жасалады. Жоба аясында инновациялық гиперпресстеу зауыты құрылып, өнімді сертификаттау, ISO жүйелерін енгізу және нарыққа шығару шаралары жүзеге асырылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту