31 наурыз 52

AP19680182 — Ақтөбе кен орнының құрамында алтыны бар қиын байытылатын шикізатын кешенді байыту мен өңдеудің тиімді технологиясын әзірлеу

AP19680182 — Ақтөбе кен орнының құрамында алтыны бар қиын байытылатын шикізатын кешенді байыту мен өңдеудің тиімді технологиясын әзірлеу

Жоба мақсаты: Гравитациялық және флотациялық байыту процестерін қарқындату, құрамында алтыны бар сапалы концентратты ала отырып шаймалау және экологиялық жүктемені төмендету негізінде Мыңарал кен алқабындағы Ақтөбе кен орнының құрамында алтыны бар қиын байытылатын шикізаттын байыту мен өңдеудің оңтайлы технологиялық режимдерін әзірлеу.

Жоба өзектілігі: Зерттеудің өзектілігі оңай байытылатын шикізат қорларының азаюына байланысты күрделі алтынқұрамды кендерді өңдеу тиімділігін арттыру қажеттілігімен негізделеді. Алтынның ұсақ дисперсті күйде және сульфидті минералдармен байланыста болуы оны дәстүрлі әдістермен бөліп алуды қиындатады. Сондықтан қазіргі технологияларды жетілдіру үшін жаңа физика-химиялық әдістерді қолдану қажет. Осы тұрғыда ультрадыбыстық және кавитациялық өңдеу минералдық шикізатты белсендірудің перспективалы тәсілі болып табылады. Мұндай технологияларды дамыту алтынды алу көрсеткіштерін арттырып, кендерді өңдеудің экономикалық тиімділігін жоғарылатады.

Ғылыми жетекшісі: Техникалық ғылымдар кандидаты, Қауымдастырылған профессор, Барменшинова Мадина Бөгембайқызы

Алынған нәтижелер: Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында Ақтөбе кен орнының қиын байытылатын алтын құрамды кенінің заттық құрамына кешенді талдау жүргізіліп, химиялық, минералогиялық және физика-механикалық әдістер қолданылды. Бірінші кезеңде алтынның кендегі орналасу формалары зерттеліп, гравитациялық байыту схемалары негізделді. Екінші кезеңде әртүрлі реагенттерді қолдана отырып флотация процестері зерттеліп, оңтайлы режимдер анықталып, ең тиімді жинағыш ретінде бутилксантогенат калийі таңдалды. Ұнтақтау–центрифугалық концентрация–флотация біріктірілген схемасы сынақтан өткізіліп, алтынның жоғары дәрежеде алынуы қамтамасыз етілді. Кейін гидрометаллургиялық зерттеулер жүргізіліп, циандау және механоактивация арқылы ерітіндіге алтын алу көрсеткіштері арттырылды. Жұмыс нәтижелері бойынша кенді өңдеудің технологиялық регламенті әзірленіп, алтынды тиімді алуды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік байыту схемасы негізделді.

Жарияланымдар тізімі 

  1. Barmenshinova M.B., Motovilov I.Yu., Telkov Sh.A., Omar R.S. Study of the material composition of refractory gold-bearing ore from the Aktobe deposit // Complex Use of Mineral Resources. 2024. No. 4(331). P. 5–11. https://doi.org/10.31643/2024/6445.34 (WOS, Q3). https://kims-imio.com/index.php/main/article/view/368
  2. Barmenshinova M.B., Motovilov I.Y., Omar R.S., Fedorov E.V. Study of gravity pretreatment of refractory gold-bearing ore from Aktobe deposit // Eurasian Mining. 2024. No. 1. P. 11–14. https://doi.org/10.17580/em.2024.01.03 (WOS, Q4; Scopus, Q2, percentile 58).
  3. Barmenshinova M.B., Motovilov I.Y., Omar R.S., Adilzhan Z. Development of flotation technology for processing refractory gold-bearing ores from the Aktobe deposit // Obogashchenie Rud. 2024. Vol. 2024, No. 6. P. 3–7. https://doi.org/10.17580/or.2024.06.01 (Scopus, Q3, percentile 46).
  4. Бейсенова С.Р., Барменшинова М.Б. Определение технологических показателей флотационного обогащения в процессе проведения опытно-промышленных испытаний флотомашины Jameson Cell l500 // Горный журнал Казахстана. 2024. № 11(235). С. 47–49. https://minmag.kz/ru/2024/12/02/%e2%84%9611-2024/
  5. Barmenshinova M.B., Motovilov I.Y., Adilzhan Zh., Lavrinenko A.A. Analysis of processing flowsheets of refractory gold ore from the Aktobe deposit, cyanidation of initial ore and concentrates // Eurasian Mining. 2025. No. 1. P. 80–82. https://doi.org/10.17580/em.2025.01.15 (WOS, Q4; Scopus, Q2, percentile 58). https://www.scopus.com/pages/publications/105013130814?origin=resultslist
  6. Барменшинова М.Б., Мотовилов И.Ю., Инкар М.А. Разработка технологии переработки золотосодержащей руды месторождения Актобе // Тезисы Московского Международного Конгресса Обогатителей (ММКО-2025). М.: Издательский Дом «Графит», 2025. С. 98–99. ISBN 978-5-6047564-7-8. https://mimpc.ru/%d1%82%d0%b5%d0%b7%d0%b8%d1%81%d1%8b-%d0%bc%d0%bc%d0%ba%d0%be-2025/
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту