Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP19677859 – Нақты емес геологиялық-физикалық мәліметтер жағдайында мұнайбергіштікті арттыру әдістерін таңдауға арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу
AP19676951 – Түсті металлургияның көп компонентті шаңын кешенді өңдеп тауарлы өнімдер алатын ресурс үнемдейтін, аралас технологияны жасақтау
AP19676884 – Құрылымы күрделі массивтен кенді игеру кезінде жарылыс қуатының параметрлерін басқару арқылы тау-кен массасын ұсақтаудың тиімді әдістерін жасау
AP19676789 – Этилен және жүгері крахмалы негізіндегі биологиялық ыдырайтын полиэтилен қаптарын өндіру
AP19676664 – Отынды күкіртсіздендіруге арналған терең эвтектикалық еріткіштер
AP19676591 – Күрделі құрылымдық кемер блоктарының бөлек орналасқан кондициялық кендерін толық алудың инновациялық технологияларын әзірлеу
АР19674847 – Су ағындарының пайда болу механизмін және геологиялық-технологиялық факторлардың оқшаулау жұмыстарының көрсеткіштеріне әсер ету заңдылықтарын зерттеу
AP19576993 — Гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризиялар есебінен ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындату
AP19576987 — Кен шоғырларын қауіпсіз игеруді қамтамасыз ететін жоғары технологиялы материалдардан модификациялы жетілдірілген озыңқы бекітпені қолданып орнықсыз массивтерді нығайтудың тиімді әдісін жасау
AP19576865 — Электр энергиясын сақтау құрылғыларында қолдану үшін модификацияланған MXene материалдарын алу және зерттеу
AP19576391 — Big Data көмегімен жинақталған кондициялық емес көп компонентті хром -, марганец бар қалдықтардан жаңа қорытпалар алудың инновациялық технологиясын әзірлеу
AP19575556 — Уранды ұңғымалық игеру кезінде полимерлі және тұтқыр компоненттерді қолдана отырып, уранды жерасты шаймалауды күшейтудің инновациялық технологиясын құру
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту