20 маусым 404

AP19676884 – Құрылымы күрделі массивтен кенді игеру кезінде жарылыс қуатының параметрлерін басқару арқылы тау-кен массасын ұсақтаудың тиімді әдістерін жасау

AP19676884 – Құрылымы күрделі массивтен кенді игеру кезінде жарылыс қуатының параметрлерін басқару арқылы тау-кен массасын ұсақтаудың тиімді әдістерін жасау

Жұмыстың мақсаты теориялық және тәжірибелік зерттеулерге, газ-динамикалық процестерді модельдеу және жарылғыш зат зарядтарының конструкцияларын оңтайландыруға негізделген күрделі құрылымды және қатты жарықшақталған таужыныстары массивін қопару үшін жарылыс энергиясы мен бұрғылау-жару жұмыстарының параметрлерін бақылау әдістерін жасау болып табылады.

Жоба өзектілігі: Құрылымы күрделі және жарықшақтары көп кен массивтерін игеру елеулі инженерлік-техникалық қиындықтар туғызады. Тау жыныстарының тұрақсыз физика-механикалық қасиеттері мен жарықшақтылықтың жоғары деңгейі дәстүрлі бұрғылау-жару әдістерінің тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты жарылыс энергиясын басқарудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу – тау-кен жұмыстарының өнімділігін арттыру мен шығындарды азайту үшін өзекті мәселе болып табылады.

Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Искаков Еркин Ерсултанович

Алынған нәтижелер:  Орындалған ғылыми-зерттеу жұмысы аясында күрделі құрылымды және қатты жарықшақты кен массивтерінің геологиялық-структуралық және геомеханикалық жағдайларына кешенді талдау жүргізілді. Олардың беріктік қасиеттері мен жарылыс әсерінен бұзылу ерекшеліктері зерттелді. Сандық модельдеу негізінде жарылыс арқылы бұзылудың математикалық моделі әзірленіп, бұрғылау-жару жұмыстарының оңтайлы параметрлері негізделді. Әртүрлі заряд конструкциялары зертханалық және өндірістік жағдайда сыналып, саңылау түзуші және сатылы зарядтардың тиімділігі дәлелденді. Өндірістік сынақтар барысында ұсынылған шешімдер тексеріліп, сейсмикалық әсердің төмендеуі мен ұсақталу сапасының артуы анықталды. Жұмыс нәтижелері бойынша практикалық ұсынымдар әзірленіп, ұсынылған технологияның экономикалық тиімділігі расталды.

Жарияланымдар тізімі

  1. Сердаліев Е., Бахрамов Б., Алип А. Improvement of blasting technology at gold-ore mining enterprises using contour blasting // Mining of Mineral Deposits. 2025. Vol. 19, No. 2. P. 83–94. (Q1, CiteScore Scopus 82). https://doi.org/10.33271/mining19.02.083
  2. Сердаліев Е., Искаков Е. Research into mass stress and failure zone parameters during blasting of fractured high benches using blasthole charges // Mining of Mineral Deposits. 2024. Vol. 18, No. 4. P. 98–108. (Q1, CiteScore Scopus 78). https://doi.org/10.33271/mining18.04.098
  3. Сердаліев Е.Т., Искаков Е.Е., Бахрамов Б.А., Кенесов Ж.Г. Оптимизация дробления руды при разработке золоторудных месторождений открытым способом // Горный журнал Казахстана. 2024. № 12. С. 4–9. https://doi.org/10.48498/minmag.2024.236.12.002
  4. Заявление о выдаче патента Республики Казахстан на изобретение «Способ контурного взрывания с предварительным рыхлением». 24.12.2024 г.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту