20 маусым 373

AP19576993 — Гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризиялар есебінен ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындату

AP19576993 — Гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризиялар есебінен ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындату

Жоба мақсаты: Мақсат - топырақ пен өсімдіктердің жай-күйін, сондай-ақ микоризалар мен гипераккумуляторлық өсімдіктерді пайдалану санын жан-жақты талдау негізінде пайдалы қазбаларды ашық түрде игеру кезінде ауыр металдармен ластанған және бұзылған жерлердің эрозияға ұшыраған топырақтарын қалпына келтіру процесін қарқындату.

Жоба өзектілігі: Ашық тау-кен жұмыстары топырақтың деградациясына және ауыр металдардың ластануына әкеледі. Микоризалар мен гипер аккумуляторлық өсімдіктерді қолдана отырып, тиімді қалпына келтіру жер жамылғысының қалпына келуін тездетеді және ластану деңгейін төмендетеді, бұл әсіресе құрғақ аймақтар үшін өте маңызды. Мұндай әдістерді енгізу экологиялық оңалтуға және бұзылған жерлерді одан әрі экономикалық пайдалануға ықпал етеді.

Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Жакыпбек Ырысжан

Алынған нәтижелер: Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Ақбакай кен орнының топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген гипераккумулятор өсімдіктері мен микоризаны таңдау бойынша кешенді зерттеулер жүргізілді. Далалық геоботаникалық және топырақтық зерттеулер, сондай-ақ бұзылған және рекультивацияланған жерлерден алынған үлгілермен зертханалық тәжірибелер орындалды. Микориза мен гипераккумулятор өсімдіктерінің ауыр металдар мөлшерін төмендетуге және топырақ құнарлылығын арттыруға әсері зерттелді. Әзірленген әдістеме зертханалық және өндірістік жағдайда сыналып, биологиялық рекультивацияның тиімділігі дәлелденді. Құрғақ және жартылай шөлейт климат жағдайларында микориза мен гипераккумуляторларды бірлесіп қолдану бойынша технологиялық ұсынымдар әзірленді. Нәтижелер рекультивация үдерістерін жеделдетуге және бұзылған аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Жарияланымдар тізімі

  1. Zhakypbek Y., Kossalbayev B.D., Belkozhayev A.M., Murat T., Tursbekov S., Abdalimov E., Pashkovskiy P., Kreslavski V., Kuznetsov V., Allakhverdiev S.I. Reducing Heavy Metal Contamination in Soil and Water Using Phytoremediation // Plants. – 2024. – Vol. 13, No. 11. – Art. 1534. DOI: https://doi.org/10.3390/plants13111534.
  2. Жакыпбек Ы., Әбдәлімов Е.Е., Тоқтар М., Бектаев М.Е. Кен орындарын игерудегі жер ресурстарының бұзылуын талдау және мониторингтеу // Горный журнал Казахстана. – 2024. – № 8. – С. 28–33. URL: https://minmag.kz/ru/2024/10/02/%e2%84%968-2024/
  3. Əбдәлімов Е.Е., Жакыпбек Ы., Кулан А.С., Турсбекова Г.Ж. Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру кезінде техногендік бұзылған жерлердің жағдайын зерттеу // Ресурсосберегающие технологии в минерально-индустриальном мегакомплексе в условиях устойчивого развития экономики: Сборник трудов Международной научно-практической конференции. – Алматы: КазНИТУ, 2024. – С. 503–506. URL: https://official.satbayev.university/upload/base/2024/03/Sbornik-konferentsiya-14-15-marta-2024g-.pdf
  4. Жуматаев Б.Ж., Жакыпбек Ы., Тоқтар М., Әбен А.С. Жер ресурстарын пайдалану мен басқару жағдайын талдау // Ресурсосберегающие технологии в минерально-индустриальном мегакомплексе в условиях устойчивого развития экономики: Сборник трудов Международной научно-практической конференции. – Алматы: КазНИТУ, 2024. – С. 520–522. URL: https://official.satbayev.university/upload/base/2024/03/Sbornik-konferentsiya-14-15-marta-2024g-.pdf
  5. Zhakypbek Y., Toktar M., Kossalbayev B.D., Baktygali A., Kamarkhan Zh., Tursbekov S., Abdalimov E., Bektayev M.E., Bakbergen T., Belkozhayev A.M., Kamshybayeva G.K. Effects of Gold Mining on the Physicochemical Properties of Soils at the Akbakai Gold Deposit // Engineered Science. – 2025. – Art. 1670. DOI: https://doi.org/10.30919/es1670.
  6. Патент на полезную модель. Устройство для выращивания микоризных грибов / Жакыпбек Ы., Бектай Е.К., Турысбекова Г.С., Бектай М.Е., Турсбеков С.В., Әбен А.С., Тоқтар М., Сардар А.А., Турсунова А.К., Шидерин Б.Н. URL: https://gosreestr.kazpatent.kz/Utilitymodel/Details?docNumber=421124
  7. Авторское свидетельство. Гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризиялар негізінде бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындату / Жакыпбек Ы., Тоқтар М., Қамархан Ж., Турсунова А.К., Әбен А.С., Әбдәлімов Е.Е.
  8. Жакыпбек Ы., Тоқтар М., Қамархан Ж., Турсунова А.К., Әбен А.С., Әбдәлімов Е.Е. Гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризиялар негізінде бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындату: монография. – Алматы: ҚазҰТЗУ, 2025. – 225 б.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту