AP19576987 — Кен шоғырларын қауіпсіз игеруді қамтамасыз ететін жоғары технологиялы материалдардан модификациялы жетілдірілген озыңқы бекітпені қолданып орнықсыз массивтерді нығайтудың тиімді әдісін жасау
Жоба мақсаты: таужыныстары массивінің механикалық сипаттамаларын талдауға және қорғаныс экранының жүк көтеруін есептеуге мүмкіндік беретін математикалық және шектік элементтер модельдерін құру әдістерін пайдалана отырып, полимерлермен біріктірілген фиберглас элементтерден жасалған қорғаныс экранының құрылымын жасау.
Жоба өзектілігі: Жұмыстың өзектілігі тау-кен массивтерін нығайту үшін тиімді шешімдерді әзірлеу қажеттілігінде, әсіресе деформациялар мен құлауға бейім отандық кен орындарында. Мұндай процестер жұмысшылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі және тау-кен жұмыстарының құнын арттыруы мүмкін. Фибергласс элементтері мен полимерлерден қорғаныс экранын әзірлеу массивтердің беріктігі мен тұрақтылығын арттыруға, ұңғыманың өзіндік құнын төмендетуге және тау-кен өнеркәсібіндегі еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл бұл зерттеуді отандық тау-кен кәсіпорындары үшін өзекті және маңызды етеді.
Ғылыми жетекшісі: PhD докторы, Искаков Еркин Ерсултанович
Алынған нәтижелер: Ғылыми-зерттеу жұмысы тұрақсыз және жарықшақты тау-кен сілемдерін химиялық алдын ала бекемдеу арқылы жерасты қазбаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған инновациялық технологияны әзірлеуге арналды. Ақбақай, Бескемпір және Светинск кен орындары бойынша кешенді геомеханикалық және минералогиялық талдау жүргізіліп, тау жыныстарының құрамы мен құрылымының олардың беріктігіне әсер ету заңдылықтары анықталды. Химиялық реагенттер эксперименттік түрде зерттеліп, ПЭПА катализаторы бар эпоксидті жүйе ең жоғары адгезиялық және технологиялық көрсеткіштерді көрсетті. Инъекциялық бекіту үшін оңтайлы параметрлер, оның ішінде қысым, таралу радиусы және температуралық жағдайлар анықталып, гидродинамикалық модельдеу арқылы расталды. Сандық модельдеу және өнеркәсіптік сынақтар сілем деформациясының азайғанын және беріктіктің айтарлықтай артқанын көрсетті. Экономикалық бағалау ұсынылған технологияны енгізу кезінде шығындардың төмендеп, өндірістік тиімділіктің артатынын дәлелдеді.
Жарияланымдар тізімі
- Iskakov Y., Amanzholov D., Kenessov Z. Innovative approaches to stabilizing underground mine workings in unstable rock masses by creating a preliminary protective shield // Mining of Mineral Deposits. – 2025. – Vol. 19, No. 2. – P. 65–74. DOI: https://doi.org/10.33271/mining19.02.065.
- Искаков Е.Е., Аманжолов Д.Б., Кенесов Ж.Г., Алип А. Орнықсыз тау-кен сілемдерін химиялық әдіспен бекітудегі реагенттердің сіңу заңдылықтарын анықтау // Қазақстанның кен журналы. – 2025. – № 10. – Б. 12–18.
- Акт внедрения результатов научно-исследовательской работы. – Копия представлена (Приложение Б).
- Amanzholov D., Bakhramov B., Bektur B. Rock exfoliation in the unstable formations during underground mine working driving and selection of efficient adhesive compositions for strengthening // Mining of Mineral Deposits. – 2024. – Vol. 18, No. 3. – P. 104–113. DOI: https://doi.org/10.33271/mining18.03.104