Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP22684027 – Іске қосу режимдерінде ауыр роторлы технологиялық машиналардың энергия тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологиялар мен техниканы әзірлеу және зерттеу
AP22683893 – Мақсатты өнім - ванадий пентоксидін (V2O5) ала отырып, гидрометаллургиялық әдіспен Қазақстанның құрамында байытылуы қиын ванадийқұрамды кендерін қайта өңдеу технологиясы
AP22683343 – Күрделі геологиялық құрылымдары бар кен орнында геологиялық-техникалық іс-шараларды таңдау кезінде шешім қабылдау әдістерін жетілдіру
AP22683184 – Айналымдағы микроРНҚ молекулаларын нейродегенеративті аурулардың биомаркерлері ретінде зерттеу
AP22682919 – Қазақстан Республикасының кен орындарында мұнай беруді ұлғайту үшін полимерлі су айдауды қолдану мониторингінің ғылыми-техникалық негіздері»
AP19680360 — Кешенді геомеханикалық және геофизикалық зерттеулер негізінде кенді кен орындарын игеру кезінде тау жыныстарының кернеулі-деформациялық күйін модельдеу
AP19680130 — Жер бетінің опырылу қаупі жағдайында пайдалы қазбаларды толық игеру және өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
AP19679911 — Күрделі гидрогенді кен орындарын игеру кезінде уранды сілтілеу тиімділігін арттыру
AP19679905 — ИТЭР үшін бланкет материалдары ретінде екі фазалы литий керамикасындағы сутегі сынғыштығы кезіндегі жоғары температуралық деградация процестерін зерттеу
AP19679745 — Сутегі өндірісінің өнімділігін арттыру үшін цианобактериялардың hup-мутанттарын құрастыру және дақылдау технологиясын әзірлеу
AP19679572 — Тауарлық өнімдерді ала отырып болат балқыту өндірістерінен алынатын мырыш шаңын кәдеге жаратудың жаңа технологиясын әзірлеу
AP19678114 – Табиғи шикізат қорынан экологиялық қауіпсіз беттік-активті заттар синтездеу және қасиеттерін зерттеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту