Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP19676591 – Күрделі құрылымдық кемер блоктарының бөлек орналасқан кондициялық кендерін толық алудың инновациялық технологияларын әзірлеу
AP19576993 — Гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризиялар есебінен ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындату
AP19576987 — Кен шоғырларын қауіпсіз игеруді қамтамасыз ететін жоғары технологиялы материалдардан модификациялы жетілдірілген озыңқы бекітпені қолданып орнықсыз массивтерді нығайтудың тиімді әдісін жасау
AP19576865 — Электр энергиясын сақтау құрылғыларында қолдану үшін модификацияланған MXene материалдарын алу және зерттеу
AP19576391 — Big Data көмегімен жинақталған кондициялық емес көп компонентті хром -, марганец бар қалдықтардан жаңа қорытпалар алудың инновациялық технологиясын әзірлеу
AP19575556 — Уранды ұңғымалық игеру кезінде полимерлі және тұтқыр компоненттерді қолдана отырып, уранды жерасты шаймалауды күшейтудің инновациялық технологиясын құру
AP19175313 — Белгісіздік жағдайында бассейндік модельдеу негізінде Шу-Сарысу алабы Тасбұлақ ойпаты палеозой шөгінділерінің көмірсутектік жүйелерін талдау және мұнай-газ әлеуетін бағалау
AP22686732 – Дисперсті құрылғыларды қолдана отырып кәдеге жарату үшін технологиялық ұңғымалардың пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін фракциялау процесінің тиімділігін арттыру
AP23489685 – Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кезінде карьерлік технологиялық жолдардың ақаулары мен сипаттамаларын бақылаудың цифрлық әдісін әзірлеу
BR21881908 – Қалалық агломерацияны экологиялық қолдау кешені
AP19177970 — Фиброталшықтан жасалған сорғы бөлшегінің корпусын жасау кезінде технологиясын жетілдіру
AP19674691 – Жоғары сапалы фосфор қышқылын өндіруге арналған математикалық модельдер мен процесті басқарудың интеллектуалды алгоритмдерін әзірлеу, зерттеу және өнеркәсіптік тестілеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту