28 қазан 1359

AP22686732 – Дисперсті құрылғыларды қолдана отырып кәдеге жарату үшін технологиялық ұңғымалардың пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін фракциялау процесінің тиімділігін арттыру

AP22686732 – Дисперсті құрылғыларды қолдана отырып кәдеге жарату үшін технологиялық ұңғымалардың пайдаланылған бұрғылау ерітінділерін фракциялау процесінің тиімділігін арттыру

Жобаның мақсаты: Реагенттерді белсендіру және ерітіндінің фракциялануын жеделдету үшін дисперсті құрылғыларды қолдану арқылы пайдаланылған сазды бұрғылау ерітінділерін жоюдың экологиялық тиімді әдісін әзірлеу.

Жобаның өзектілігі: Жобада ПБЕ-н кәдеге жарату, қондырғыны құру және ПБЕ-н одан әрі кәдеге жарату тәсілін әзірлеу көзделеді: шлам жинағыштарға тасымалданатын бұрғылау қалдықтарының көлемін азайту, ПБЕ-н тасымалдауға және сақтауға байланысты материалдық және қаржылық шығындарды азайту, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту.

Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Маулетбекова Бұлбұл Кусманқызы

Алынған нәтижелер: Жүргізілген зерттеулер барысында бұрғылау ерітінділерін диспергирлеуге арналған жаңа құрылғының конструкциясы негізделіп, патенттік өтінім берілді. Гидродинамикалық диспергатордың жұмыс істеу принципі зерттеліп, ағынды бұрау және шарлардың соқтығысуы арқылы диспергирлеу тиімділігін арттыру мүмкіндігі дәлелденді. Өндірістік нысандардан алынған сынамаларға зертханалық талдау жүргізіліп, тиімді флокулянт ретінде N-100 таңдалды. Диспергирлеу және флокуляция процестерінің оңтайлы режимдері анықталып, сұйық фазаны бөлу тиімділігі 70–76% дейін артатыны көрсетілді. Эксперименттік зерттеулер үшін арнайы сынақ стенді жобаланып, құрастырылып, оның жұмыс параметрлері оңтайландырылды. Стендтік сынақтар нәтижесінде фракциялау уақыты 25–40%-ға қысқарып, реагент шығыны 15–30%-ға азайғаны анықталды. Алынған нәтижелер ұсынылған технологияның тиімділігін және оны өндірісте қолдану мүмкіндігін дәлелдейді.

Жарияланымдар тізімі

  1. Kaliyev B., Myrzakhmetov B., Akhymbayeva B., Mashatayeva G., Mauletbekova B. Innovative technology for the reuse of spent drilling fluids in production well drilling using a hydraulic disperser // International Journal of Innovative Research and Scientific Studies. – 2025. – Vol. 8, No. 6. – P. 2601–2610. – DOI: https://doi.org/10.53894/ijirss.v8i6.10165. – (Scopus, CiteScore percentile 67%).

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту