2 ақпан 1240

AP19177970 — Фиброталшықтан жасалған сорғы бөлшегінің корпусын жасау кезінде технологиясын жетілдіру

AP19177970 — Фиброталшықтан жасалған сорғы бөлшегінің корпусын жасау кезінде технологиясын жетілдіру

Жобаның мақсаты машина жасау кәсіпорындарының тиімділігін жақсартылған сипаттамаларына және сәйкес эксплуатациялау шарттарына ие фиброталшықтар мен композициялық материалдардың пайдаланылуымен ортадан тепкіш сорғы бөлшегінің корпустарын дайындаудың жаңа технологиясын жасақтау есебінен арттыру болып табылады.

Жобаның өзектілігі: бетонда фиброталшықтың қолданылуы, созу, майыстыру, кесуге төзімділігі, соққы және қажу беріктілігі, сызатқа беріктігі, аязға төзімділігі, су өткізбеуі, ыстыққа төзімділігі и тұтану төзімділігі тәрізді сипаттамалар бойынша аса жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етуімен байланысты. Оған қоса көміртекті фиброталшықтардың айрықша ерекшелігі жоғары анизотроптық және дискреттік көрсеткіштері болып табылады. Мұнда, мұндай белгілер, құрылысы ерекшелігімен және қасиеттерімен өзгешеленетін конструкциялық материалдардың тәуелсіз топқа фиброталшықтарды бөліп алуға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған жоба аталған мәселелерді, ерекше қасиеттерге ие жаңа композициялық материалдарды және оларды дайындау технологиясы мен қолданысын іздеу арқылы шешуге арналған, бұл аса өзекті.

 Жоба жетекшісі: PhD, аға оқытушы, Игбаева Акжаркын Есентаевна

Алынған нәтижелер: Жоба нәтижесінде көміртекті талшықпен күшейтілген композиттерге арналған үшкомпонентті толтырғыштарды жобалаудың ғылыми негізделген әдісі әзірленіп, оның тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Толтырғыш бөлшектерінің өлшемдерін оңтайландыру арқылы материалдың тығыздығы мен беріктігін арттыруға қол жеткізілді. Орталықтан тепкіш сорғы корпустарын дайындаудың ең тиімді әдісі ретінде құю технологиясы ұсынылып, қалып конструкциялары жетілдірілді. Эксперименттік зерттеулер нәтижесінде құю және материал дайындау процестерін реттейтін технологиялық нұсқаулықтар әзірленді. Сонымен қатар, факторлық эксперименттер негізінде композит қасиеттеріне әсер ететін параметрлер оңтайландырылды. Ауыр роторлы машиналарды іске қосу үшін пневматикалық көмекші құрылғы ұсынылып, оның энергия тиімділігі мен сенімділікті арттырудағы артықшылығы негізделді.

Жарияланымдар тізімі

  1. Akzharkyn I., Yelemessov K.K., Baskanbayeva D.D., Martyushev N.V., Skeeba V.Y., Konyukhov V.Y., Oparina T.A. Strengthening polymer concrete with carbon and basalt fibres // Applied Sciences. – 2024. – Vol. 14. – Art. 7567. – DOI: 10.3390/app14177567. – URL: https://doi.org/10.3390/app14177567
  2. Igbayeva A.E., Yelemessov K.K., Baskanbayeva D.D., Begassilova N.B. Pneumatic starting auxiliary device for optimizing the start-up of mining machines with heavy rotors // Sustainable Development of Mountain Territories. – 2025. – Vol. 17, № 1. – P. 214–225. – DOI: 10.21177/1998-4502-2025-17-1-214-225. – URL: https://doi.org/10.21177/1998-4502-2025-17-1-214-225
  3. Елемессов К.К., Басканбаева Д.Д., Жайлаубек А.М., Игбаева А.Е. Полимербетонды қоспасы және полимербетонды қоспасынан бұйымдар дайындау тәсілі : пат. № 37491. – Опубл. 22.08.2025.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту