Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP25796273 – Еркін қозғалыс белсенділігі жағдайында жүректің гемодинамикалық маңызы бар аритмияларын анықтау алгоритмі
AP25796271 – Ванадий ағынды батареялар үшін жоғары кеуекті электродтарды дайындау және зерттеу
AP25794855 – ЖЭО күлі қосылған талшықты цементтен жасалған композитті қасбеттік бұйымдар
AP25794509 – Аэрогеофизикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша физикалық өрістердің цифрлық модельдерін құру негізінде кенді аудандардың шоғырлануының геофизикалық болжамды-іздестіру критерийлерін әзірлеу
AP25794129 – Жүрек диагностикасы үшін биомедициналық кескіндерді сүзу және алдын ала өңдеу алгоритмін жасау
AP25793663 – Азық-түлік пен жеміс-жидек қалдықтары және полилактикалық қышқылмен крахмал негізінде биологиялық ыдырайтын пленканы әзірлеу
АР19677949 — Пайдаланудағы негізгі желдеткіштердің аэродинамикасы мен конструкциясын жетілдіру арқылы шахталарды желдетудің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру
BR24993218 — Каспий аймағындағы шөлейттену және топырақтың деградациясы мәселелерін шешудің инновациялық әдістерін әзірлеу
BR24993166 — Кешенді инновациялық онлайн платформаны, заңгерлік көмектің автоматтандырылған жүйесін және адвокаттардың жұмысын автоматтандырудың бірыңғай жүйесін құру
BR24993105 — Аграрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеу және коммерцияландыруға арналған биотехнологиялық R&D орталығын құру
BR24993072 — Мектеп окушыларының сыни ойлау қабілетін дамытуға арналған жасанды интеллект қолдана отырып интеллектуалды білім беру ресурсын әзірлеу»
BR24993051 — IoT және деректерді талдау негізінде интеллектуалды қала жүйесін дамыту
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту