24 маусым 1116

BR24993105 — Аграрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеу және коммерцияландыруға арналған биотехнологиялық R&D орталығын құру

BR24993105 — Аграрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеу және коммерцияландыруға арналған биотехнологиялық R&D орталығын құру

Жұмыс мақсаты: Биологиялық өнімдерді жасай отырып алу технологияларын әзірлеу және оңтайландыру мақсатында микробалдырларды өсіру, биоактивті гуминдік заттар мен фитогормондарды алу. Оларды ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру, азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту және ластанған топырақты қалпына келтіру үшін пайдалануды қамтамасыз ету.

Жұмыстың өзектілігі: Сынақ зертханаларын құру және гуминді заттарды қолдана отырып биологиялық өнімдерді әзірлеу аграрлық сектордың отандық өндірушілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл өнімнің сапасын арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Онлайн білім беру платформасын енгізу озық білім мен технологияларға қол жеткізуге ықпал етеді, бұл өнімділікті айтарлықтай жақсартады және ауыл шаруашылығы мамандарын оқытуға кететін шығындарды азайтады.

Ғылыми жетекшісі: Техникалық ғылымдар кандидаты, Қауымдастырылған профессор,   Кабдрахманова Сана Канатбековна

Алынған нәтижелер: Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында жобаның барлық бағыттары бойынша кешенді зерттеулер жүргізілді, соның ішінде микробалдырларға негізделген биотехнологиялар, органикалық шикізатты қайта өңдеу арқылы гуминді заттар мен координациялық қосылыстар алу, сондай-ақ фитогормондар мен полимерлік қабықтар қолданылған тұқымды егу алдындағы өңдеу технологиялары әзірленді. Биопрепараттарды бөліп алу, өсіру және сынау бойынша эксперименттер орындалып, олардың биологиялық белсенділігі мен ауыл шаруашылығындағы тиімділігі дәлелденді. Өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және стресске төзімділігін күшейтетін биопрепараттар, полимерлік жабындар және микроорганизмдер консорциумдары әзірленіп, оңтайландырылды. Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес сынақ зертханасының сапа менеджменті жүйесі әзірленіп, аккредитацияға дайындық жұмыстары жүргізілді. Аграрлық секторға арналған білім беру онлайн-платформасы іске асырылып, заманауи білім мен технологияларға қолжетімділік қамтамасыз етілді. Алынған нәтижелер НИР мақсаттарының толық орындалғанын және жұмыстардың жоғары ғылыми-практикалық маңызын көрсетеді.

Жарияланымдар тізімі 

  1. Mussina A., Baitasheva G., Rakhimova Z., Raimbekova B., Gubasheva B.E., Medeuova G., Baymurzina Z., Tynyshbek D. Evaluation of tree species Aesculus hippocastanum as a phytoremediator in conditions of artificial soil contamination // Caspian Journal of Environmental Sciences. – 2025. – Vol. 23, No. 3. – P. 707–720. DOI: 10.22124/cjes.2025.8947. URL: https://doi.org/10.22124/cjes.2025.8947
  2. Абаева С.С., Кабдрахманова С.К. Объект, охраняемый авторским правом «R&D Lab» №60252 от 26.06.2025.
  3. Абаева С.С., Кабдрахманова С.К. Объект, охраняемый авторским правом «R&D Study» №60253 от 25.06.2025.
  4. Айсакулова Х.Р., Ерназарова Г.И., Кабдрахманова С.К., Рамазанова А.А., Егизбаева Т.К., Матай Ж.М., Кабдрахманова А.К., Байташева Г.У., Турашева С.К. Заявление о выдаче патента Республики Казахстан на изобретение «Способ выделения ДНК микроводорослей с использованием молекулярных маркеров» №2025-93559 от 28.11.2025.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту