27 наурыз 60

AP25796273 – Еркін қозғалыс белсенділігі жағдайында жүректің гемодинамикалық маңызы бар аритмияларын анықтау алгоритмі

AP25796273 – Еркін қозғалыс белсенділігі жағдайында жүректің гемодинамикалық маңызы бар аритмияларын анықтау алгоритмі

Мақсаты – Жобаның басты мақсаты еркін қозғалыс белсенділігі жағдайында жүректің гемодинамикалық маңызы бар аритмияларын уақтылы және тиімді диагностикалауға арналған алгоритмді әзірлеу. Бұл алгоритм пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүрек ауруларының асқынуларын болдырмау және медициналық қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жобаның өзектілігі: Медициналық диагностика денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады, әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау және өмірге қауіпті аритмияларды скрининг жағдайында бақылау кезінде. Қазіргі уақытта Қазақстанда науқастардың еркін қозғалыс белсенділігі кезінде жүрек аритмиясын анықтауға арналған тиімді ғылыми-техникалық ұсынымдар аз немесе жасалып жатыр. Жүрек жиырылу жиілігі, ырғағы мен реттілігін зерттеу, сондай-ақ медициналық-экономикалық топтар негізінде қызмет көрсету әдістемесін әзірлеу өзекті болып отыр. Қазіргі заманғы медициналық және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы диагностика тиімділігін арттыруға мүмкіндік бар. Сондықтан неинвазивті кардиодиагностика жүйесін жетілдіру және өмірге қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтау – маңызды ғылыми және практикалық міндет болып табылады.

Ғылыми жетекші: PhD, Бекбай Айнұр Тоқтарғалиқызы

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жұмыстың нәтижелері медициналық қызмет көрсету саласындағы мамандарға өте пайдалы болып табылады. Алгоритм гемодинамикалық маңызы бар аритмияларды нақты уақыт режимінде тиімді анықтауға мүмкіндік береді және дәстүрлі әдістерге қарағанда сенімділігі жоғары. Науқастардың жүрек күйін еркін қозғалыс кезінде үздіксіз бақылау күтпеген жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ерте диагностика арқылы емдеу әдістерін тиімді ету және пациенттер үшін жеке емдеу схемаларын жасау мүмкіндігі бар. Алынған нәтижелер ғылыми мақалаларда және конференцияларда жарияланады. Зерттеу көрсеткендей, әдіс аритмияларды ерте анықтауда тиімділігін дәлелдеді және клиникалық тәжірибеге енгізуге дайын.

Жарияланымдар тізімі

  1. Bekbay, Ainur, et al. "an interpretable ecgbased approach for detecting hemodynamically significant arrhythmias using lightweight machine learning models." Eastern-European Journal of Enterprise Technologies 5 (2025). https://doi.org/10.15587/1729-4061.2025.340493
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту