27 наурыз 77

AP25794509 – Аэрогеофизикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша физикалық өрістердің цифрлық модельдерін құру негізінде кенді аудандардың шоғырлануының геофизикалық болжамды-іздестіру критерийлерін әзірлеу

AP25794509 – Аэрогеофизикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша физикалық өрістердің цифрлық модельдерін құру негізінде кенді аудандардың шоғырлануының геофизикалық болжамды-іздестіру критерийлерін әзірлеу

Мақсаты – Биогумус (вермикомпост), бентонит негізінде жасалған биокапсулалы тыңайтқыш алудың жолдарын әзірлеу және қолдану тиімділігін анықтау. Топырақтың құрылымын жақсарту мен ауыл шаруашылық (мәдени, бақша) дақылдарының өнімділігін арттыруға ықпал етуін зерттеу болып табылады.

Жобаның өзектілігі: Органикалық қалдық негізінде биокапсулалы тыңайтқыштарды әзірлеу және оны ауыл шаруашылығында енгізу қазіргі таңда өте өзекті болып отыр. Жобаның маңыздылығы бірнеше бағытта көрініс табады: ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу, жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану, тыңайтқыштарға тәуелділікті азайту және өнімділікті жоғарылату. Түркістан облысының әртүрлі климаттық және топырақ жағдайлары жобаны тәжірибелік тұрғыда тексеруге мүмкіндік береді, бұл зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен практикалық маңызын арттырады. Биокапсулалы тыңайтқыштарды енгізу экологиялық-экономикалық тиімді шешімдер ұсына отырып, ауыл шаруашылығының инновациялық дамуына үлес қосады.

Ғылыми жетекші: PhD докторы, Есенбаева Жанар Жеңісқызы.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жоба нәтижелері ауыл шаруашылығында органикалық қалдықтарды тиімді пайдалануға, биокапсулалы тыңайтқыштарды енгізуге және экологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған. Зерттеу барысында алынған мәліметтер өсімдіктердің өсуі мен дамуын жақсартуға, қоректік заттардың біртіндеп бөлінуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижелер дәрістер мен зертханалық сабақтарда қолданылады және ғылыми жұмыстарда докторанттар мен студенттерге материал ретінде қызмет етеді. Жобаны іске асыру жергілікті бюджетке инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, алынған мәліметтер ғылыми жарияланымдар мен патенттер түрінде бекітіледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту