23 маусым 371

AP19680360 — Кешенді геомеханикалық және геофизикалық зерттеулер негізінде кенді кен орындарын игеру кезінде тау жыныстарының кернеулі-деформациялық күйін модельдеу

AP19680360 — Кешенді геомеханикалық және геофизикалық зерттеулер негізінде кенді кен орындарын игеру кезінде тау жыныстарының кернеулі-деформациялық күйін модельдеу

Жоба мақсаты: Кешенді геомеханикалық және геофизикалық зерттеулер негізінде күрделі тау-кен-геологиялық жағдайларда қатты пайдалы қазбаларды жерасты өндіру кезінде өндірілген кеңістіктің жай-күйін геомеханикалық бағалау үшін технологияны әзірлеу

Жоба өзектілігі: Жоба геодинамикалық құбылыстар мен авариялық жағдайлардың туындау қаупі артатын күрделі тау-кен-геологиялық жағдайларда пайдалы қазбаларды жерасты өндіруді қарқындату жағдайында өзекті болып табылады. Геомеханикалық және геофизикалық талдаудың заманауи технологиялары тау-кен массивінің жай-күйін бағалаудың дәлдігін арттыруға, қауіпті аймақтарды уақтылы анықтауға, сондай-ақ тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсартуға, тау-кен өндіру кәсіпорындарының тұрақты дамуына және минералды ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал ететін болады.

Ғылыми жетекшісі: Геология-минералогия ғылымдарының докторы, Профессор, Исаева Людмила Джандюйсеновна

Алынған нәтижелер:  Зерттеу барысында Жомарт кенішінің учаскесінде тау-геологиялық міндеттерді шешуде профильдік 2D сейсморазведканың тиімділігі бағаланды. Геофизикалық және геомеханикалық деректерге кешенді талдау жүргізіліп, тау-геологиялық ақпараттың цифрлық базасы құрылып, жүйелендірілді. Сейсмикалық деректерді өңдеу нәтижесінде жоғары сапалы уақыттық және тереңдік қималар алынып, тектоникалық бұзылыстар, құрылымдық ерекшеліктер және опырылу аймақтары анықталды. Тау жыныстары массивінің кернеулі-деформациялық күйін және опырылу шекараларын болжауға мүмкіндік беретін геолого-геомеханикалық модель әзірленді. Зерттеу нәтижелері күрделі жер асты жағдайларында сейсмоәдістердің тиімділігін көрсетті және технологияны жобалау мен пайдалану кезеңдерінде қолдану мүмкіндігін негіздеді. Алынған нәтижелер тау-кен жұмыстарын қауіпсіз әрі тиімді жүргізуге ықпал етеді.

Жарияланымдар тізімі 

  1. Иссаева Л., Истекова С., Толыбаева Д., Тогизов К., Сауриков Ж., Иссагалиева А. Petrophysical Characteristics of Geological Formations of the Zhezkazgan Ore District (Kazakhstan) and Their Relationship with Mineralization // Minerals. – 2025. – Vol. 15. – P. 1106. – DOI: https://doi.org/10.3390/min15111106.
  2. Истекова С., Макаров А., Толыбаева Д., Сиражев А., Тогизов К. Determining the Boundaries of Overlying Strata Collapse Above Mined-Out Panels of Zhomart Mine Using Seismic Data // Geosciences. – 2024. – Vol. 14. – P. 310. – DOI: https://doi.org/10.3390/geosciences14110310.
  3. Истекова С., Айдарбеков Ж., Тогизов К., Сауриков Ж., Сиражев А., Толыбаева Д., Темирханова Р. Lithophysical characteristics of productive strata of cupriferous sandstone within Zhezkazgan ore district in the Central Kazakhstan // Mining of Mineral Deposits. – 2024. – Vol. 18, No. 3. – P. 9–17. – DOI: https://doi.org/10.33271/mining18.03.009.
  4. Сиражев А., Истекова С., Толыбаева Д., Тогизов К., Темирханова Р. Methodology and results of detailed 3D seismic exploration in the Zhezkazgan Ore District // Applied Sciences. – 2025. – Vol. 15, No. 2. – P. 567. – DOI: https://doi.org/10.3390/app15020567.
  5. Истекова С.А., Толыбаева Д.Н., Иссаева Л.Д., Аблесенова З.Н., Таласов М.А. The effectiveness of the use of geophysical research in the underground development of ore deposits // Engineering Journal of Satbayev University. – 2024. – Vol. 146, No. 4. – P. 24–33. – URL: https://vestnik.satbayev.university/index.php/journal/article/view/1340.
  6. Истекова С.А., Толыбаева Д.Н., Тогизов К.С., Сиражев А.Н., Есенгелдина А. Геофизические исследования на разных этапах освоения месторождений медистых песчаников в Казахстане // Вестник Карагандинского технического университета им. А. Сагинова. – 2024. – URL: https://tu.kstu.kz/archive/issue/104?page=2.
  7. Истекова С.А., Толыбаева Д.Н., Сиражев А.Н., Таласов М.А. К вопросу о применении геофизических исследований при разработке рудных месторождений подземным способом // Материалы Международной научной конференции «Сатпаевские чтения», посвященной 125-летию академика К. Сатпаева. – Алматы: КазНИТУ им. К.И. Сатпаева, 2024.
  8. Истекова С.А., Толыбаева Д.Н., Тогизов К.С., Жангирханова А., Касымова А. Геофизические исследования при изучении геологического строения месторождения Жаман-Айбат // Тезисы Международной научной конференции «Сатпаевские чтения», посвященной 125-летию академика К. Сатпаева. – Алматы: КазНИТУ им. К.И. Сатпаева, 2024.
  9. Истекова С.А., Толыбаева Д.Н., Аблесенова З.Н., Таласов М.А. Применение сейсморазведки при разработке рудных месторождений подземным способом // Материалы Международной научно-технической конференции. – Ташкент: ТашГТУ им. Ислама Каримова, 2024.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту