Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

BR24992956 — Газды сығымдау үшін инновациялық жабдықтар мен технологияларды әзірлеу және құру
BR24992908 — Өсімдік шаруашылығындағы агротехникалық іс-шараларды мониторинг құралдары мен жасанды интеллект әдістерінің кешені негізінде қолдау жүйесі (Agroscope)
BR24992907 — Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын цифрландыру және оңтайландыру үшін бағдарламалық өнімді әзірлеу
BR24992873 — Электр энергиясын сақтау құрылғыларының жаңа буынын ойлап табу үшін MXene негізіндегі тиімді нанокомпозиттерді әзірлеу
BR24992820 — Ортопедия және медициналық оңалту саласында протездеу және оңалту кезіндегі хирургиялық араласуларды жақсартуға арналған инновациялық медициналық технологиялар мен құрылғылар
BR21882366 — Координаттар мен биіктіктердің біртұтас мемлекеттік жүйесінің негізі ретінде Қазақстан Республикасының геоидтық моделін жасау
BR21882294 — ЖЭК негізінде Қазақстанның алыс аймақтарын энергиямен жабдықтаудың автономды жүйесі
BR21882179 — Жерүсті-ғарыштық әдістермен кен орындарын геологиялық картаға түсіру үшін болжамды-іздестіру шешімдерін әзірлеу
BR21881822 — Кен орнын пайдаланудың соңғы кезеңінде ұңғымаларды бұрғылау және мұнай өндіру кезінде геологиялық-техникалық операцияларды оңтайландырудың техникалық шешімдерін әзірлеу
AP23490705 – Жасанды интеллектімен арамшөптерді жоюға арналған автономды роботты зерттеу және әзірлеу
AP23490633 – Гидрометаллургиялық өндірісте технологиялық ерітінділерден ілеспе бағалы компоненттерді алу
AP23490423 – Жер асты СО2 сақтауға арналған сулы горизонттардың геологиялық түзілімдерін анықтау мақсатында Іле шөгінді бассейнін кешенді зерттеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту