BR24992873 — Электр энергиясын сақтау құрылғыларының жаңа буынын ойлап табу үшін MXene негізіндегі тиімді нанокомпозиттерді әзірлеу
Жұмыс мақсаты: Зерттеудің мақсаты – әртүрлі травление әдістерін қолдана отырып, наноқұрылымды MAX-фазалы және MXene материалдарын синтездеу.
Жұмыстың өзектілігі : Алынған нәтижелер мақсатты фазаның 70%-дан жоғары құрамындағы MAX-фазасын және ақаулар мен қоспаларсыз бірқабатты MXene наноқабаттарын алуға мүмкіндік береді, бұл электр энергиясын сақтау құрылғылары үшін оңтайлы болып табылады.
Ғылыми жетекшісі: Ph.D. докторы, Профессор, Азат Сейтхан
Алынған нәтижелер: Зерттеу жұмысы аясында Ti₃AlC₂ қоса алғанда наноқұрылымды MAX-фазаларды синтездеу жүргізіліп, температуралық, қысымдық және құрамдық параметрлер оңтайландырылды. 1400°C температурада, 7–10 тонна қысымда және берілген молярлық қатынаста мақсатты фазаның мөлшері 70%-дан жоғары деңгейге жететіні анықталды. Материалдардың құрылымдық қасиеттері рентгенқұрылымдық талдау және электрондық микроскопия әдістерімен расталды. MXene алу үшін әртүрлі травление әдістері қолданылып, олардың ішінде HCl/LiF негізіндегі минималды интенсивті қабаттану әдісі (ММИР) ең тиімді нәтиже көрсетті. Алынған MXene жоғары қабаттану дәрежесімен, төмен ақауларымен және біртекті құрылымымен ерекшеленеді. Ұсынылған әдістер энергия шығындарын азайту және өнім шығымын арттыру арқылы экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Зерттеу нәтижелері жоғары ғылыми-техникалық деңгейге ие және энергия сақтау жүйелерінде қолдануға перспективалы.
Жарияланымдар тізімі
- Askaruly K., Idrissov N., Abdisattar A., Azat S., Kuli Z., Yeleuov M., Malchik F., Daulbayev C., Yszhan Y., Sarsembayeva B., Nysanbayeva S. Utilizing rice husk-derived Si/C composites to enhance energy capacity and cycle sustainability of lithium-ion batteries // Diamond & Related Materials. – 2024. – Vol. 149. – Article 111631. – DOI: https://doi.org/10.1016/j.diamond.2024.111631. – URL: https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0925963524008446.