24 маусым 951

BR24992907 — Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын цифрландыру және оңтайландыру үшін бағдарламалық өнімді әзірлеу

BR24992907 — Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын цифрландыру және оңтайландыру үшін бағдарламалық өнімді әзірлеу

Жұмыс мақсаты: Қалалық жылу желісінің цифрлық егізіне арналған бағдарламалық өнімді әзірлеу.

Жұмыстың өзектілігі : Жобаның тиімділігі Қазақстан қалаларының жылумен жабдықтау жүйелерін цифрландыру және оңтайландыру үшін бағдарламалық өнімді әзірлеуде, бұл апаттылықты азайтуға, энергия тиімділігін арттыруға және жылу желілерін басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ғылыми жетекшісі: Техника ғылымдарының докторы, Профессор, Жапбасбаев Узак Кайрбекович

Алынған нәтижелер: 2025 жылы күнтізбелік жоспарға сәйкес жылумен жабдықтау жүйесі объектілерін цифрландыруға арналған деректер базасының құрылымы әзірленді. Жүйеде ғимараттар, жылу тораптары және жұмыс параметрлері туралы деректерді сақтау, сондай-ақ әртүрлі уақыттық дискреттілікпен тарихи мәліметтерді өңдеу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Жылу желісін топологиялық талдау, ағындар мен температураны есептеу үшін математикалық модельдер мен алгоритмдер жасалып, реттеу және тексеру есептерінің модульдері іске асырылды. Пайдаланушы интерфейсі әзірленіп, деректерді енгізу, өңдеу және талдау үшін графикалық элементтер енгізілді. Есеп нәтижелерін MS Word және MS Excel форматтарына автоматты түрде экспорттау мүмкіндігі жүзеге асырылды. Алматы қаласының жылу желісі объектілері цифрландырылып, толыққанды жылу-гидравликалық есептеулер жүргізілді. Сонымен қатар, кеңістіктік және техникалық деректерді біріктіретін цифрлық егізді қалыптастыруға арналған ГАЖ жүйесін әзірлеу жұмыстары басталды.

Жарияланымдар тізімі 

  1. Bekibayev T. Identification of resistance coefficients for section of water pipeline network in case of intermediate withdrawals or injections of water // Engineered Science. – 2025. – Vol. 36. – Article 1583. – DOI: https://doi.org/10.30919/es1583.
  2. Zhapbasbayev U., Bekibayev T., Ramazanova G., Akasheva Zh. A digital twin of hot pumping waxy oil through a main pipeline // Energies. – 2025. – Vol. 18. – Article 202. – DOI: https://doi.org/10.3390/en18010202.
  3. Balakayeva G., Zhanuzakov M., Zhapbasbayev U., Nurlybayeva K. An intelligent enterprise system with processing and verification of business documents using big data and AI // Journal of Intelligent Systems. – 2025. – Vol. 34. – Article 20240446. – DOI: https://doi.org/10.1515/jisys-2024-0446.
  4. Zhapbasbayev U.K., Bossinov D.Zh., Pahomov M.A., Sattinova Z.K. Modeling of turbulent non-isothermal flow in a heating network pipe // Вестник Карагандинского университета. Серия «Физика». – 2025. – Т. 30, № 2(118). – С. 67–74. – DOI: https://doi.org/10.31489/2025PH2/67-74.
  5. Рамазанова Г.И., Жапбасбаев У.К., Бекибаев Т.Т., Құдайберген А.Д. База данных для цифрового двойника тепловой сети // Авторское свидетельство о регистрации прав на базу данных № 56930. – 18.04.2025.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту