24 маусым 564

AP23490423 – Жер асты СО2 сақтауға арналған сулы горизонттардың геологиялық түзілімдерін анықтау мақсатында Іле шөгінді бассейнін кешенді зерттеу

AP23490423 – Жер асты СО2 сақтауға арналған сулы горизонттардың геологиялық түзілімдерін анықтау мақсатында Іле шөгінді бассейнін кешенді зерттеу

Мақсаты – өнеркәсіптік объектілер (зауыттар, фабрикалар, жылу электр станциялары және т.б.) шығаратын СО2-ны техникалық мүмкін және экономикалық тұрғыдан тиімді геологиялық сақтау үшін Алматы қаласы мен Алматы облысының (Іле шөгінді бассейні) сулы горизонттарын анықтау және бағалау.

Жобаның өзектілігі: Алматы қаласы мен облысында жыл сайын CO₂ шығарындылары 2 млн тоннадан асады, бұл өнеркәсіптік нысандардың жоғары шоғырлануымен байланысты. Бұл жағдай газды айдау және сақтау үшін геологиялық құрылымдарды зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Жоба аясындағы зерттеулер Сәтбаев университетінде жүргізіледі. Университет мұнай, газ және көмір қабаты метаны кен орындарын геологиялық және гидродинамикалық модельдеуде тәжірибеге ие. Сондай-ақ зерттеулерді жүргізу үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету бар.

Ғылыми жетекші: Геология-минералогия ғылымдарының докторы, Профессор, Истекова Сара Аманжоловна

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Сулы горизонттарда CO₂ сақтаудың 10 негізгі критерийі анықталды, соның ішінде төмен өткізгішті сазды тұзақтардың, құмтас коллекторлардың болуы және кеуектіліктің кемінде 10–20% деңгейде болуы талап етіледі. Коллектор өткізгіштігі 100–1000 мД, ал жабын қабаттардың өткізгіштігі 1 мД-ден төмен болуы қажет. CO₂ тиімді сақтау үшін тереңдік 800 м-ден асуы және коллектор қалыңдығы кемінде 10–15 м болуы ұсынылады. Жарықтар CO₂ ағып кету қаупін арттыруы мүмкін, бірақ кей жағдайда кедергі де бола алады. Сонымен қатар CO₂-нің қабат сұйықтығында еруі және нақты геологиялық деректердің болуы маңызды факторлар болып табылады. Зерттеу барысында жеті бағыт бойынша деректер жиналып, жүйелендірілді: геология және геофизика, гидрогеология, игеру, геохимия, геомеханика, сейсмика және бұрғылау. Іле геофизикалық экспедициясы мен МОГТ сейсмикалық зерттеулерінің нәтижелері талданды. 15 терең ұңғыманың керн және бұрғылау материалдары зерттеліп, корреляциялық сұлба жасалды. Аймақтың геохимиялық, тектоникалық және литологиялық-стратиграфиялық сипаттамалары қарастырылды. Petrel бағдарламасында Шығыс Іле (Жаркент) иінінің 3D геологиялық моделі құрылып, құрылымдық және петрофизикалық параметрлер анықталды. Модельдеу нәтижесінде коллектор қалыңдығы шамамен 15 м, ал кеуектілік 12–30% аралығында екені анықталды. Жалпы, Іле бассейні бойынша деректер алғаш рет кешенді түрде жүйеленіп, CO₂-ні жерасты сақтау әлеуетін бағалауға арналған үшөлшемді модель әзірленді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту