Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP26103501 – Қазақстанның ұлттық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметіне жобалық басқарудың модельдерін, әдістері мен артефактілерін дайындау және интеграциялау
AP26102323 – Жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау және қалдық жылуды пайдалану үшін жоғары температуралы жылу сорғыларының тиімділігі мен конфигурациясын оңтайландыру
AP26101911 – MXene-дегі бос орындар ақаулары: оларды зерттеу және суды тазарту үшін жақсартылған сорбциялық қабілеттері бар MXene/криогель гибридті сүзгісін алуға арналған қолданбалар
AP26100917 – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы газ-гелий кен орындарын кешенді зерттеу: өнеркәсіптік өндірістің келешегін анықтау
AP26103735 – Сұйық оттегі мен озон түріндегі тотықтырғыш реагенттерді пайдалана отырып, уранды жерасты ұңғымалық шаймалау тиімділігін арттыру.
AP26104131 – Тақтатас мұнай кен орнының үш өлшемді геологиялық моделін құру мақсатында өндірістік-геофизикалық зерттеулерді қолданумен қатар цифрлық жынысөзек талдауының қолданылуын бағалау
AP26104843 – Навигация жүйесін дамыту үшін талшықты-оптикалық гироскоптарды зерттеу және қолдану
AP26104793 – Нақты уақыттағы көмірсутектерді бақылауға арналған мобильді ЯМР құрылғыларын әзірлеу
AP26104663 – Қазақстанның минералды ресурстары әк тасты-ракушечник және оның өндіру қалдықтары негізінде жылу оқшаулағыш материалдардың құрамдарын зерттеу және алу
AP26104571 – Цемент тасының қатуын жеделдету және бетонның пайдалану қасиеттерін арттыру мақсатында минералды шикізат қалдықтары негізінде модификациялаушы қоспаларды алу технологиясын әзірлеу
AP27508001 – Ғарыштық зерттеулерде одан әрі қолдану үшін төмен температуралы жағдайларда (15-100К) перовскит материалдарының тұрақтылығын зерттеу
AP27510373 – Орнықсыз және суланған массивтер шарттарында тұрақтандырушы конструкцияларды қолдана отырып шахта оқпандарын өтудің және бекітудің инновациялық әдісін әзірлеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту