AP26104793 – Нақты уақыттағы көмірсутектерді бақылауға арналған мобильді ЯМР құрылғыларын әзірлеу
Мақсаты – Зерттеудің мақсаты көмірсутек ресурстарын орнықты және ұтымды пайдалану үшін нақты уақыт режимінде олардың жай-күйін қашықтықтан (ұңғымадан тыс) ЯМР негізінде мұнай және газ кен орындарын барлау және мониторингтеу тиімділігін арттыру болып табылады.
Жобаның өзектілігі: Мұнай өнеркәсібінде ядролық-магниттік резонанс (ЯМР) әдістері коллекторлардың петрофизикалық қасиеттерін, соның ішінде кеуектілік, өткізгіштік және флюидтермен қанығуын зерттеуде кеңінен қолданылады. Алайда, зертханалық талдаулар мен ұңғымалық каротажға негізделген қолданыстағы тәсілдер негізінен тек ұңғыма маңындағы аймақ туралы ақпарат береді, бұл кен орнын кешенді бағалауды шектейді.
Мұнай қайтарымын арттыру әдістерін (МҚА) қолдану және геологиялық-техникалық шараларды (ГТШ) жүргізу барысында коллекторлардың құрылымы мен қасиеттері бүкіл кен орны бойынша өзгереді, бұл толыққанды мониторинг жүйелерін құруды талап етеді. Сонымен қатар, дәстүрлі ЯМР әдістері тұрақты сыртқы магнит өрісін қажет етеді, бұл олардың далалық жағдайда қолданылуын қиындатады.
Осыған байланысты ЯМР өлшеулерін жүргізу үшін Жердің магнит өрісін табиғи орта ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді әзірлеу ерекше өзекті болып табылады. Дегенмен, бұл бағытта тиімді шешімдер әлі де жеткілікті деңгейде әзірленбеген, себебі сигналдарды интерпретациялау қиындығы және сыртқы факторлардың әсері бар.
Осы тұрғыда сигналдарды когерентті жинақтау арқылы сезімталдық пен ажыратымдылықты арттыратын мобильді және қашықтықтан ЯМР-диагностика әдістерін әзірлеу, сондай-ақ коллекторлардың күйін анықтау үшін нейрондық желілерді қоса алғанда, интеллектуалды деректерді өңдеу алгоритмдерін қолдану аса маңызды. Мұндай тәсілдерді іске асыру кен орнындағы кеңістіктік-уақыттық өзгерістерді жедел бақылауға және мұнай қайтарымын арттыру бойынша қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми жетекші: Имансакипова Земфира Бекетовна, PhD докторы
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:
Көмірсутектердің құрылымы мен қасиеттерінің жай-күйін зерттеуде ядролық-магниттік резонанс әдісін қолдану саласындағы шетелдік және отандық тәжірибені талдау және жалпылау нәтижелері. Жердің пульсирленген магнит өрісінде ЯМР спектрлерін қашықтықтан (ұңғымадан тыс) алу әдісі. Жердің магнит өрісінде ЯМР спектрлерін алу мүмкіндігін бағалау. Жердің пульсирленген магнит өрісінде ЯМР спектрлерін қашықтықтан (ұңғымадан тыс) алу әдісі.
Жердің магнит өрісінде ЯМР спектрлерін алуға арналған мобильді құрылғының функционалдық схемасы.
Жердің магнит өрісінде ЯМР спектрлерін алуға және оны іске асыруға арналған құрылғыны дайындауға арналған техникалық тапсырма.
Олардың жай-күйін сәйкестендіру үшін кен орнының жергілікті учаскелерінен ЯМР-сигналдарды дифференциалды тіркеу жүйелері. Жердің магнит өрісіндегі ЯМР сигналдарын тіркеу құрылғысын басқару бағдарламалық құралы. Мониторинг нәтижелері. Жердің магнит өрісінде ЯМР сигналдарын тіркеу құрылғысын басқаруға және алынған спектрлерді анықтауға арналған бағдарламалық жасақтама Мониторинг нәтижелері. Мұнай өндіруді арттыру үшін қабатқа сыртқы әсер ету технологиясын қолдану бойынша шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу.
Жердің магнит өрісінде ЯМР спектрлерін алу мүмкіндігін бағалау үшін көмірсутектердің күйін, құрылымын және қасиеттерін зерттеуде ЯМР әдісін қолдануды сыни талдау негізінде Жердің магнит өрісінде ЯМР спектрлерін алу мүмкіндігін бағалау. Жердің пульсирленген магнит өрісінде ЯМР спектрлерін қашықтықтан (ұңғымадан тыс) алудың инновациялық әдісі.