AP26104571 – Цемент тасының қатуын жеделдету және бетонның пайдалану қасиеттерін арттыру мақсатында минералды шикізат қалдықтары негізінде модификациялаушы қоспаларды алу технологиясын әзірлеу
Мақсаты – Жоғары сапалы бетондарға арналған минералды және химиялық қоспаларды талдау, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау. Тау-кен байыту комбинаттарының қалдықтары негізіндегі модификациялаушы қоспаларды алу және қоспалардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу. Бетондарда тиімді мөлшерін және қолдану тәсілдерін анықтай отырып, жоғарыфункционалды бетонды алу технологиясы және оның пайдалану қасиеттерін зерттеу.
Жобаның өзектілігі: Қазіргі құрылыс саласы бетонның қату процесін жылдамдатуды, оның беріктігін арттыруды және материалдар шығынын азайтуды талап етеді. Жылдам қататын цемент өндіру энергия шығыны жоғары және бастапқы қату кезеңінде әрдайым тиімді емес. Минералдық қалдықтар негізінде модификациялайтын қоспаларды әзірлеу цемент каменінің гидратациясын басқаруға, берік құрылым қалыптасуын жеделдетуге және бетонның өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Мұндай технологияларды енгізу Қазақстан үшін өзекті, себебі ол құрылыс материалдарының экологиялық тазалығын арттырады, саладағы инновацияларды ынталандырады және білікті кадрларды дамытуға ықпал етеді, ғылыми ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.
Ғылыми жетекші: Нұрлыбаев Руслан Ерғалиевич, PhD, Ғылыми-зерттеу профессоры
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Тау-кен байыту комбинаттарының қалдықтарынан тиімді модификациялаушы минералды қоспаны алу және қоспаны пайдалана отырып, модификацияланған бетонға әсерін зерттеу.
Нәтижелер: Модифицирлеуші минералды қоспаларды алу саласындағы зерттеулерге аналитикалық шолу жүргізілді. Қазақстан Республикасының тау-кен байыту комбинаттарының қалдықтарынан алынған минералдық шикізат бағаланып, олардың негізінде модифицирлеуші минералды қоспалар алу технологиясы әзірленді. Берілген шикізаттың негізгі физика-механикалық қасиеттері анықталды, модифицирлеуші минералды қоспаның оңтайлы құрамы таңдалып, оның технологиялық және механикалық қасиеттері зерттелді. Ғылыми жаңалығы - минералдық шикізат қалдықтары негізінде цемент тасының тез қатуын қамтамасыз ететін, физика-механикалық және пайдалану сипаттамалары жақсартылған модифицирлеуші қоспалар алу технологиясын әзірлеуден көрінеді.