Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP19679690 — Микротолқынды сәулелену үшін радиожұтқыш материал ретінде пайдалану үшін көміртекті нанотүтіктер мен магнетит нанобөлшектері негізінде композициялық материалдарды әзірлеу
AP19576899 — Магнетит және 2D наноқұрылымдар негізінде композициялық материалдарды әзірлеу және оларды суды тазарту және тұзсыздандыру үшін пайдалану
AP19174728 — Фотовольтаика үшін CH3NH3SnI3 және CH3NH3PbI3 негізіндегі металлорганикалық перовскиттердің тиімділік шегін зерттеу
AP13068313 — Модульды жел энергетикалық қондырғының жаңа тік вертикальді осі қозғалмайтын конструкциясын әзірлеу
AP19676107 — Ванадий өндірісінің өндірістік қалдықтарын кешенді өңдеу технологиясын жасау
AP13268858 — Асбест өндірісінің қалдықтарынан микродисперсті жоғары таза кремний оксиді мен металлургиялық кремнийді алу технологиясын зерттеу
AP19680477 — Пиро- және гидрометаллургиялық процестерді пайдалана отырып, құрамында никель-кобальт бар кендерді өңдеудің кешенді технологиясын әзірлеу»
AP19175411 — катодты мыс өндірісінде электролиз процесін интенсивтендірудің кешенді технологиясын әзірлеу
AP15473200 – Алдын ала жоғары температурада сульфидизациялау арқылы тотыққан кендерді өңдеу технологиясын әзірлеу
AP14871587 — Мыстың сұйық экстракциясы кезінде крад түзілуін төмендетудің кешенді технологиясын әзірлеу
BR11765599 — Қазақстан өңірлерінде табиғи суларды тазарту технологияларын әзірлеу және жетілдіру және ауыз судың сапасын жақсарту
AP19178044 — Әскери мақсаттағы құрылыс объектілерін салуға арналған құрылыс 3D принтерінің баспа бастиегін жобалау және әзірлеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту