Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP09058297 – Бағалы компоненттерді кешенді алумен ыстықтай мырыштау қалдықтарын кәдеге жаратудың қалдықсыз жаңа технологиясын әзірлеу
AP09058000 – Табиғи және жасанды фотосинтездегі судың ажыратуына арналған катализаторлардың механизмін және сипаттарын зерттеу
AP09058419 – Машиналық оқыту негізінде кеуек масштабында жыныстардың еру режимдерін ескере отырып, кеуекті ортаның сипаттамаларын болжау
AP09058452 – Парафиннің жоғалуын болжау үшін PVT моделін жасау
AP08955550 – Қазақстан үшін Сәулет және қала құрылысы саласында жаһандану және ұлттық бірегейлікті іздеу жағдайында бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрлар даярлау қағидаттары
AP08957443 – Алматы қаласындағы ауыр металдармен ластанған топырақтарды фиторемедиациялау үшін гипераккумуляторлы өсімдіктерді таңдаудың ғылыми негіздемесі
AP08956439 – Құрғақ климаттық аймақтар үшін жаңа биополимерлік ылғал сорбенттерін пайдалана отырып, суды үнемдейтін инновациялық технологияларды әзірлеу
AP08957241 – Полимер-металл көпқабатты нанокатализаторларды әзірлеу
AP08956794 – Автомобиль көлігінің маңызды бөліктері үшін наноқұрылымдық жабыны бар демпферлік қорытпалардың физика-механикалық қасиеттерін зерттеу
AP08856630 – Белсенді ақпаратты қорғау жүйелеріндегі кеңістіктік электромагниттік шудың сапасын бағалау
AP08855607 – Жоғары қататын және тұтқырлығы жоғары мұнай қоспаларын циклдік айдауды оңтайландырудың цифрлық технологиясы
AP08856141 – Терең оқыту және аэродинамикалық құрылымдарды құру үшін GPU-жеделдетілген есептеу негізінде топологиялық оңтайландыру әдісін әзірлеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту