Университеттің ғылыми жобалары

Өндіріске енгізілген ғылыми технологиялар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың маңызды жетістіктері болып саналады. Ал зерттеулердің басты бағыты – ғылымның, техника мен технологияның дамуы барысында келешегі зор, әрі әлеуметтік маңыздылығы жоғары салалар болып табылады. Атап айтқанда:   

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер;
  • химиялық технологиялар;
  • наножүйелер және материалдар индустриясы;
  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • табиғатты тиімді пайдалану;
  • мұнай және пайдалы қазбаларды өндіру.

Басты міндет – жаңа білім шыңына шығу; отандық технологияларды дамытып, оларды коммерциализациялау үшін қажетті серіктестік механизмдерін орнату; инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалды дамыту, сондай-ақ экономиканың инновациялық саласын дамыту үшін маңызы зор басқа да мәселелерді шешу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республикадағы инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы болып табылады. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары өз ғылыми мақалаларын әлемдік жетекші ғылыми журналдар бетінде жариялайды, оның үстіне жыл сайын жаңадан ашылған жаңалықтар, авторлық куәліктер мен патенттер саны да артып келеді.

Университет өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыс істеуде, соның нәтижесінде шаруашылықтағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті іргелі және практикалық идеялар жүзеге асырылып келеді. Мұндағы ғылыми зерттеушілер отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырса, олардың ғылыми еңбектері шетелдік конференциялар мен симпозиумдарда тиісті дәрежеде мойындалып, жоғары бағаланып келеді. Зерттеушілер ғылым мен технологияның жаңа белестерін бағындырып, оның нәтижелерін инновациялық жүйеге сәйкес сәтті түрде өндіріске енгізу үшін белсенді еңбек етіп келеді. Инновациялық жүйе ғылыми-техникалық зерттеулердің идеялық дамуынан бастап, оны өндіріске толық енгізгенге дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Университет ғылыми жұмыстарын бірнеше жылдарға бұрын жоспарлап қояды да, өзінің келешегін үшінші индустриялық революциямен ұштастырып отырады.

BR24992956 — Газды сығымдау үшін инновациялық жабдықтар мен технологияларды әзірлеу және құру
BR24992907 — Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын цифрландыру және оңтайландыру үшін бағдарламалық өнімді әзірлеу
BR21882366 — Координаттар мен биіктіктердің біртұтас мемлекеттік жүйесінің негізі ретінде Қазақстан Республикасының геоидтық моделін жасау
BR21882179 — Жерүсті-ғарыштық әдістермен кен орындарын геологиялық картаға түсіру үшін болжамды-іздестіру шешімдерін әзірлеу
AP23490117 – Темір оксидінің пигменттерін және ультрадисперсті металл ұнтақтарын алу үшін пирит концентраттарын кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу
AP23489409 «Иондық полимерлермен саз нанобөлшектерінің жұмсақ-шыны тәрізді динамикалық корреляциясының және фазалық әрекетінің іргелі негіздерін ашу»
AP23489233 «SmartBuy Connect: AI-ға негізделген топтық сатып алу интеллектуалдық жүйесі»
AP23488914 «Табиғи және техногендік шикізаттардың құрамындағы өте майда түйіршікті алтындарды сандық тұрғыдан бағалау технологияларын жасау және олардың Қазақстан аймағынан табылуын болжау»
AP23487120 «Әскери мақсатта қолданылатын цилиндр тәріздес бөлшектерді жасау технологиясын әзірлеу»
AP23486543 «Турбуленттілікке қарсы қоспасы бар тұтқырлығы жоғары сұйықтықтың турбулентті қозғалысы мен жылу алмасуын модельдеу»
AP23484450 «Бұрғылау құралдарын жарақтандыру үшін жоғары механикалық және пайдалану сипаттамалары бар құрамында алмазы бар инновациялық композициялық материалдарды әзірлеу»
AP23484034 «Күрделі жағдайларда ұңғыма қабырғаларын бекіту кезінде сапаны, тәуекелді жағдайларды және шешім қабылдауды бағалау әдістемесін әзірлеу»
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту