AP23484034 – Күрделі жағдайларда ұңғыма қабырғаларын бекіту кезінде сапаны, тәуекелді жағдайларды және шешім қабылдауды бағалау әдістемесін әзірлеу
Мақсаты – цементтеу сапасын бағалау және авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін басқару жүйесінің әдіснамасын жетілдіру негізінде ұңғымалардың қабырғаларын бекітудің тиімділігін арттыру болып табылады.
Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі әлем бойынша, соның ішінде Қазақстанда, қиын алынатын мұнай қорлары бар кен орындарының үлесінің артуымен байланысты. Мұндай жағдайларда ұңғымаларды салу сапасын арттыру ерекше маңызға ие, оның негізгі кезеңдерінің бірі – ұңғыма қабырғаларын сенімді бекіту. Бекіту сапасы тампонаж кезінде қолданылатын цемент ерітіндісінің қасиеттеріне тікелей байланысты. Осы саладағы елеулі ғылыми жетістіктерге қарамастан, цемент құрамдарын одан әрі жетілдіру қажеттілігі сақталуда. Перспективалы бағыттардың бірі – әртүрлі қоспаларды қолдану, соның ішінде цементті талшықты материалдармен армирлеу, бұл оның беріктік сипаттамаларын арттыруға мүмкіндік береді. Алайда бұл бағыттағы зерттеулер әлі бастапқы кезеңде және талшықты материалдар кеңінен қолданылмай отыр. Осыған байланысты жаңа армирленген цемент ерітінділерін әзірлеу және енгізу ұңғымалардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін арттыруға бағытталған өзекті міндет болып табылады.
Ғылыми жетекші: Техникалық ғылымдар докторы, Профессор, Молдабаева Гүлнәз Жақсылыққызы
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жобаны орындау барысында тампонаждық ерітінділер құрамын талдау және реттеу, сондай-ақ ұңғыма қабырғаларын бекіту сапасын арттыру саласындағы зерттеулердің қазіргі жағдайына шолу жүргізілді. Отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері талданып, бұл әрі қарайғы зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Қолданыстағы тампонаждық жүйелер мен технологияларға, сондай-ақ оларды ұңғымаларды цементтеу кезінде қолдану тәжірибесіне сыни талдау жүргізілді. Талдау негізінде ұңғымаларды бекіту сапасын арттыруға қатысты негізгі мәселелер мен басым міндеттер анықталды. Мұнай және газ ұңғымаларын цементтеуде қолданылатын тампонаждық материалдарды модификациялауға арналған оңтайлы құрамдар анықталды. Ерітінді құрамының сапалық көрсеткіштерге әсері жан-жақты зерттелді. Эксперименттерді жоспарлаудың математикалық теориясы аясында қолданылатын факторлар мен параметрлер негізделді. Зертханалық зерттеулер барысында су-цемент қатынасының, тұтқырлықтың және статикалық ығысу кернеуінің ерітінді қасиеттеріне сандық әсері анықталды. Алынған эксперименттік деректер корреляциялық және регрессиялық талдау әдістерімен өңделіп, математикалық модельдер құрылды. Тұтқырлық пен статикалық ығысу кернеуінің артуы ерітіндінің седиментациялық тұрақтылығын арттыратыны, ал су-цемент қатынасының артуы оның тұрақтылығын төмендететіні анықталды. Жүйенің максималды біртектілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін параметрлердің оңтайлы диапазондары белгіленді. Әзірленген модельдер мен алынған тәуелділіктер цементтік және полимерлік жүйелердің мінез-құлқын болжау үшін практикалық маңызға ие және мұнай-газ ұңғымаларында оқшаулау және жөндеу жұмыстарын жүргізуде қолданылуы мүмкін.
Жарияланымдар тізімі
- Молдабаева Г.Ж., Козловский А.Л., Сулейменова Р.Т., Садвакасов М.А., Мухси А.С., Абилева С.Ж. Өндіруші ұңғымадағы қысымның таралу заңдылығын зерттеу // Нефть и газ. – 2024. – Т. 5. – № 143. – С. 143–153. – DOI: https://doi.org/10.37878/2708-0080/2024-5.11
- Сулейменова Р.Т., Каримова А.С., Абилева С.Ж., Садвакасов М.А., Жаксылыкова М.Ж., Шамшенова А. Жылумен әсер ету технологиясын дамытуды талдау және зерттеу // Нефть и газ. – 2024. – Т. 5. – № 143. – С. 223–236. – DOI: https://doi.org/10.37878/2708-0080/2024-5.17
- Молдабаева Г.Ж., Сулейменова Р.Т., Козловский А.Л., Садвакасов М.А., Мухси А.С., Куанышов А. Карбонатты кен орындарында қышқыл өңдеудің тиімділігін болжауға арналған модельдерді зерттеу // Нефть и газ. – 2024. – Т. 4. – № 142. – С. 124–137. – DOI: https://doi.org/10.37878/2708-0080/2024-4.16
- Сулейменова Р.Т., Молдабаева Г.Ж. Қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру әдістері: әдістемелік ұсыныс. – Алматы: Сатпаев университеті, 2024. – 227 б. – ISBN 978-601-10-0541-8.
- Moldabayeva G.Zh., Kozlovskiy A.L., Sadvakassov M.A. Effect of Nanosized Mineral Additives on Strengthening and Corrosion Resistance of Cementing Mortars // ES Materials and Manufacturing. – 2025. – Vol. 28. – No. 1467. – P. 1–12. – DOI: https://dx.doi.org/10.30919/mm1467
- Moldabayeva G.Zh., Kozlovskiy A.L., Buktukov N.S., Sadvakassov M.A. Increase of Wear Resistance and Strength of Cementing Mortars Due to Stabilizing Fine-Dispersed Additives of Metallurgical Sludge // ES Materials and Manufacturing. – 2025. – Vol. 28. – No. 1468. – P. 1–9. – DOI: https://dx.doi.org/10.30919/mm1468
- Efendiyev G.M., Moldabayeva G.Zh., Buktukov N.S., Kuliyev M.Y. Comprehensive Cementing Quality Assessment and Risk Management System // SOCAR Proceedings. – 2024. – Vol. 4. – No. 4. – P. 042–047. – DOI: http://dx.doi.org/10.5510/OGP20240401015
- Kabdushev A.A., Kembayev A.R., Bimbetova G.Zh., Agzamov F.A., Efendiyev G.M., Nadirov K.S. Development of the Composition of Lightweight Cement Slurry Using Microspheres and Microsilica // SOCAR Proceedings. – 2025. – Vol. 2. – No. 2. – P. 040–047. – DOI: http://dx.doi.org/10.5510/OGP20250201063
- Молдабаева Г.Ж., Түзелбаева Ш.Р. Кен орындарын игеруді арттыру технологиялары: авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тізілімге енгізу туралы куәлік № 49828. – Қазақстан Республикасы, 20.09.2024. – Ғылыми туынды.