24 маусым 471

AP23487120 – Әскери мақсатта қолданылатын цилиндр тәріздес бөлшектерді жасау технологиясын әзірлеу

AP23487120 – Әскери мақсатта қолданылатын цилиндр тәріздес бөлшектерді жасау технологиясын әзірлеу

Мақсаты – аддитивті және кесу технологияларын үйлестіре отырып артелериялық снарядттардың корпустары мен бөлшектерін жасау технологиясын әзірлеу.

Жобаның өзектілігі: Жобаның өзектілігі қазіргі әскери қақтығыстарда артиллериялық қарудың маңыздылығының жоғары деңгейде сақталуымен байланысты. Соңғы соғыстардың, соның ішінде Украинадағы жағдайдың тәжірибесі артиллерияның жаппай қолданылуын және тәулігіне ондаған мың снарядқа дейін жететін оқ-дәрілер шығынының күрт өсуін көрсетеді. Бұл ірі мемлекеттердің өзінде оқ-дәрілердің қымбаттауына және тапшылығына әкеледі. Қазақстанның артиллериялық оқ-дәрілерді, әсіресе Ресейден импорттауға тәуелділігі жағдайында, қазіргі геосаяси ахуалға байланысты олардың жетіспеушілік қаупі туындайды. Жауынгерлік снарядтарды өз елімізде өндірудің болмауы елдің қорғаныс қабілеті тұрғысынан осалдығын арттырады. Осыған байланысты артиллериялық снарядтар мен олардың құрамдас бөліктерін өндірудің отандық технологияларын әзірлеу стратегиялық маңызы бар өзекті міндет болып табылады.

Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Қауымдастырылған профессор, Мустафа Азамат Қойшықұлұлы

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жобаны іске асыру барысында артиллериялық снарядтардың түрлері мен қолданылатын материалдарға кешенді талдау жүргізіліп, Қазақстан армиясында ең көп сұранысқа ие калибрлер анықталды. Ашық және жабық дереккөздер негізінде снарядтардың конструкциялары мен олардың жекелеген элементтеріне шолу жасалды. Оқу-жаттығу снарядтарын өндіретін кәсіпорындармен байланыс орнатылып, технологиялық тұрғыдан күрделі бөлшектерге талдау жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер негізінде жоба аясында әзірленетін басым снаряд түрлері мен олардың құрамдас бөліктері таңдалды. Снарядтарды өндіруде қолданылатын материалдар мен оларды өңдеу технологияларына талдау жасалды. Пайдаланылған оқ-дәрілердің сынықтары мен оқу-жаттығу снарядтарынан алынған үлгілерді зерттеу негізінде артиллериялық снаряд материалдарының микроқұрылымдарының деректер базасы құрылды. Әртүрлі материалдардың микроқұрылымдары жіктеліп, бірыңғай деректер қорына жүйеленді. Снаряд корпустарының материалдарына ұқсас қасиеттерге ие стандартты дәнекерлеу сымдары анықталды. Зерттеулер жүргізу үшін материал құрылымын терең талдауға мүмкіндік беретін Leica DMI8 металлографиялық микроскопы сатып алынды. Әртүрлі сым түрлерін қолдана отырып, аддитивті технологияларға бейімделген доғалы дәнекерлеу арқылы металл үлгілер алу бойынша тәжірибелер жүргізілді. Процестің технологиялық параметрлері, соның ішінде ток, кернеу және материал беру жылдамдығы оңтайландырылып, қабаттардың тұрақты қалыптасуы қамтамасыз етілді. Микроқұрылымдық зерттеулер материал құрамына байланысты әртүрлі фазалық құрылымдардың қалыптасатынын көрсетті. Сонымен қатар лазерлік дәнекерлеу әдісі қолданылып, жоғары адгезиясы мен сапалы құрылымы бар металл қабаттарды алу мүмкіндігі дәлелденді, бұл артиллериялық снаряд элементтерін өндіруде аддитивті технологияларды қолданудың тиімділігін көрсетті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту