Университеттің ғылыми жобалары

Өндіріске енгізілген ғылыми технологиялар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың маңызды жетістіктері болып саналады. Ал зерттеулердің басты бағыты – ғылымның, техника мен технологияның дамуы барысында келешегі зор, әрі әлеуметтік маңыздылығы жоғары салалар болып табылады. Атап айтқанда:   

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер;
  • химиялық технологиялар;
  • наножүйелер және материалдар индустриясы;
  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • табиғатты тиімді пайдалану;
  • мұнай және пайдалы қазбаларды өндіру.

Басты міндет – жаңа білім шыңына шығу; отандық технологияларды дамытып, оларды коммерциализациялау үшін қажетті серіктестік механизмдерін орнату; инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалды дамыту, сондай-ақ экономиканың инновациялық саласын дамыту үшін маңызы зор басқа да мәселелерді шешу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республикадағы инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы болып табылады. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары өз ғылыми мақалаларын әлемдік жетекші ғылыми журналдар бетінде жариялайды, оның үстіне жыл сайын жаңадан ашылған жаңалықтар, авторлық куәліктер мен патенттер саны да артып келеді.

Университет өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыс істеуде, соның нәтижесінде шаруашылықтағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті іргелі және практикалық идеялар жүзеге асырылып келеді. Мұндағы ғылыми зерттеушілер отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырса, олардың ғылыми еңбектері шетелдік конференциялар мен симпозиумдарда тиісті дәрежеде мойындалып, жоғары бағаланып келеді. Зерттеушілер ғылым мен технологияның жаңа белестерін бағындырып, оның нәтижелерін инновациялық жүйеге сәйкес сәтті түрде өндіріске енгізу үшін белсенді еңбек етіп келеді. Инновациялық жүйе ғылыми-техникалық зерттеулердің идеялық дамуынан бастап, оны өндіріске толық енгізгенге дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Университет ғылыми жұмыстарын бірнеше жылдарға бұрын жоспарлап қояды да, өзінің келешегін үшінші индустриялық революциямен ұштастырып отырады.

AP19175733 — Су тазалауға арналған модификацияланған Қазақстанның бентонит сазы мен полимерлер негізіндегі антисептикалық қасиеті жоғары әмбебап полимер сазды композит әзірлеу
AP19175313 — Белгісіздік жағдайында бассейндік модельдеу негізінде Шу-Сарысу алабы Тасбұлақ ойпаты палеозой шөгінділерінің көмірсутектік жүйелерін талдау және мұнай-газ әлеуетін бағалау
AP19174932 — Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы жер асты суларының қорын жасанды толықтырудың тәжірибелік жүйелеріндегі колматациялық процестерді зерттеу
AP19177970 — Фиброталшықтан жасалған сорғы бөлшегінің корпусын жасау кезінде технологиясын жетілдіру
AP14971907 — SDR және акустикалық қолтаңбаларды пайдалана отырып, күдікті дрондарды анықтау үшін жиілікке негізделген сенімді жүйені әзірлеу
AP14971031 — Нақты уақытта ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтауға арналған бимодальды жүйені зерттеу және енгізу
AP14972926 — Литий-ионды аккумуляторлардың аноды ретінде пайдалану үшін жоғары кеуекті құрылымы бар литий легирленген материалдарды дайындау және зерттеу
AP19174728 — Фотовольтаика үшін CH3NH3SnI3 және CH3NH3PbI3 негізіндегі металлорганикалық перовскиттердің тиімділік шегін зерттеу
AP19175411 — катодты мыс өндірісінде электролиз процесін интенсивтендірудің кешенді технологиясын әзірлеу
AP15473200 – Алдын ала жоғары температурада сульфидизациялау арқылы тотыққан кендерді өңдеу технологиясын әзірлеу
AP19178044 — Әскери мақсаттағы құрылыс объектілерін салуға арналған құрылыс 3D принтерінің баспа бастиегін жобалау және әзірлеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту