20 маусым 322

AP19175733 — Су тазалауға арналған модификацияланған Қазақстанның бентонит сазы мен полимерлер негізіндегі антисептикалық қасиеті жоғары әмбебап полимер сазды композит әзірлеу

AP19175733 — Су тазалауға арналған модификацияланған Қазақстанның бентонит сазы мен полимерлер негізіндегі антисептикалық қасиеті жоғары әмбебап полимер сазды композит әзірлеу

Жоба мақсаты: Термиялық және қышқылдық әдіспен белсендірілген және декатиондалған Қазақстан бентонит сазына күміс нанобөлшектерін отырғызып, ионогенді емес ПАА , ПГЭА және МКЦ-мен қатысында антисептикалық қасиеті мен қолдану сипаты жоғары әмбебап полимер саз композитін алып, ауыз су мен өндірістік суды биологиялық, органикалық ластаушы заттар мен ауыр металдардан тазарту.

Жоба өзектілігі: Ауыз су мен ағынды суларды биологиялық және органикалық ластаушы заттардан, сондай-ақ ауыр металдардан тазарту қоршаған ортаға антропогендік әсердің өсуі жағдайында маңызды міндет болып табылады. Күміс нанобөлшектері мен иондық емес полимерлері бар Қазақстанның бентониттері негізінде жаңа полимер-сазды композиттерді әзірлеу тиімді және әмбебап сорбциялық материалдар жасауға мүмкіндік береді. Оларды пайдалану суды тазарту сапасын жақсартуға ықпал етеді, бұл әсіресе өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және экологиялық бағдарламаларға қатысты.

Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Бейсебеков Мадияр Маратович

Алынған нәтижелер:  Жұмыс барысында Қалжат және Орта Тентек кен орындарының бентониттерінің физика-химиялық қасиеттері зерттеліп, олардың термиялық және қышқылдық белсендіру үдерістері жүргізілді. Өңдеу режимдері оңтайландырылып, материалдардың кеуектік құрылымы мен беткі қасиеттерінің өзгеруі қамтамасыз етілді. Үлгілердің құрамы мен құрылымы РФА, ИҚ-Фурье спектроскопиясы, ТГА/ДСК және СЭМ әдістері арқылы зерттеліп, фазалық және морфологиялық ерекшеліктері анықталды. Сонымен қатар декатионирленген және күміс нанобөлшектерімен модификацияланған бентониттер алынып, олардың сорбциялық қасиеттері жақсартылды. Келесі кезеңде модификацияланған материалдар негізінде полимер-глинистік композиттер, гидрогельдер және криогельдер әзірленіп, зерттелді. Олардың құрылымдық, сорбциялық және пайдалану сипаттамалары анықталып, синтездеудің және толтырғышты енгізудің оңтайлы шарттары белгіленді.

Жарияланымдар тізімі

  1. Beisebekov M., Kabdrakhmanova S., Kantay N., Nauryzova S., Shaimardan E., Akatan K., Kukhareva A., Bolatkhan D., Baibotayeva A., Kholiya F. Hydro-Activation and Physicochemical Characterization of Sodium Bentonite from the Orta Tentek Deposit, Kazakhstan // ES Materials and Manufacturing. – 2025. – DOI: https://dx.doi.org/10.30919/mm1954
  2. Karzhaubayeva A., Beisebekov M., Kabdrakhmanova S., Shaimardan E., Nauryzova S. Thermally modified bentonite clay as a water-retaining material for soils // Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University. Agricultural Sciences. – Vol. 4 (No. 75). – 2025. – На рецензировании.
  3. Karzhaubayeva A., Beisebekov M., Kabdrakhmanova S., Shaimardan E. Synthesis and sorption properties of hydrogel sorbents based on polymer-clay composites // ICN-2025. – Available at: https://www.macromol.in/ICN-2025/
  4. Karzhaubayeva A., Beisebekov M., Aryp K., Bolatkan D., Shaimardan E. Cryogels with mineral fillers as promising sorbents for water purification // ICPCNB-2025. – Available at: https://icpcnb2025.satbayev.university/page/abstract-and-registration/book-of-abstracts

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту