Университеттің ғылыми жобалары

Өндіріске енгізілген ғылыми технологиялар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың маңызды жетістіктері болып саналады. Ал зерттеулердің басты бағыты – ғылымның, техника мен технологияның дамуы барысында келешегі зор, әрі әлеуметтік маңыздылығы жоғары салалар болып табылады. Атап айтқанда:   

  • ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер;
  • химиялық технологиялар;
  • наножүйелер және материалдар индустриясы;
  • энергетика және энергия үнемдеу;
  • табиғатты тиімді пайдалану;
  • мұнай және пайдалы қазбаларды өндіру.

Басты міндет – жаңа білім шыңына шығу; отандық технологияларды дамытып, оларды коммерциализациялау үшін қажетті серіктестік механизмдерін орнату; инновациялық қызметке қаржылық қолдау көрсету жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалды дамыту, сондай-ақ экономиканың инновациялық саласын дамыту үшін маңызы зор басқа да мәселелерді шешу.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – республикадағы инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы болып табылады. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары өз ғылыми мақалаларын әлемдік жетекші ғылыми журналдар бетінде жариялайды, оның үстіне жыл сайын жаңадан ашылған жаңалықтар, авторлық куәліктер мен патенттер саны да артып келеді.

Университет өндіріспен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жұмыс істеуде, соның нәтижесінде шаруашылықтағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті іргелі және практикалық идеялар жүзеге асырылып келеді. Мұндағы ғылыми зерттеушілер отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырса, олардың ғылыми еңбектері шетелдік конференциялар мен симпозиумдарда тиісті дәрежеде мойындалып, жоғары бағаланып келеді. Зерттеушілер ғылым мен технологияның жаңа белестерін бағындырып, оның нәтижелерін инновациялық жүйеге сәйкес сәтті түрде өндіріске енгізу үшін белсенді еңбек етіп келеді. Инновациялық жүйе ғылыми-техникалық зерттеулердің идеялық дамуынан бастап, оны өндіріске толық енгізгенге дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Университет ғылыми жұмыстарын бірнеше жылдарға бұрын жоспарлап қояды да, өзінің келешегін үшінші индустриялық революциямен ұштастырып отырады.

AP27508001 – Ғарыштық зерттеулерде одан әрі қолдану үшін төмен температуралы жағдайларда (15-100К) перовскит материалдарының тұрақтылығын зерттеу
AP27510373 – Орнықсыз және суланған массивтер шарттарында тұрақтандырушы конструкцияларды қолдана отырып шахта оқпандарын өтудің және бекітудің инновациялық әдісін әзірлеу
AP27508227 – Перовскит материалдарын оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру үшін перовскит күн элементтерінің кері контактілі электрод құрылымдарын модельдеу
AP27511659 – СО₂ газын пульсациялық айдаудың оны жер асты сақтау тиімділігіне әсерін тәжірибелік және сандық зерттеу
AP27511149 – Қазақстан гранитоидтарын сирек металдардың ресурстарын толықтыру көздері ретінде геологиялық-минералогиялық зерттеу
AP27511027 – Күйдірілген мұнай коксы өндірісінің жанама өнімдерін қолдана отырып, экологиялық таза геополимерлік композиттер жасау
AP27511185 – Ұсақ түйіршікті өздігінен тығыздалатын бетонды пайдалана отырып, кернеулі темірбетон бұйымдарын өндірудің энергия үнемдейтін технологиясы
AP22788736 – Энергияны сақтау жүйелері үшін иондық полимерлер ретінде полиамфолиттер синтезі мен зерттеу негізі
AP22786142 – Қайта өңделген асфальт жабынында әлеуетті жасартушы агент ретінде мұнайлы қалдықтарды пайдалану
AP19576993 — Гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризиялар есебінен ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындату
AP19576987 — Кен шоғырларын қауіпсіз игеруді қамтамасыз ететін жоғары технологиялы материалдардан модификациялы жетілдірілген озыңқы бекітпені қолданып орнықсыз массивтерді нығайтудың тиімді әдісін жасау
AP19576865 — Электр энергиясын сақтау құрылғыларында қолдану үшін модификацияланған MXene материалдарын алу және зерттеу
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту