AP27511185 – Ұсақ түйіршікті өздігінен тығыздалатын бетонды пайдалана отырып, кернеулі темірбетон бұйымдарын өндірудің энергия үнемдейтін технологиясы
Мақсаты – Жобаның мақсаты кернеусіз темірбетон бұйымдарын өндірудің энергия үнемдейтін дірілсіз технологиясына бейімделген В30 беріктік класындағы ұсақ түйіршікті өздігінен тығыздалатын бетонның құрамын әзірлеу және өндірістік тексеру болып табылады.
Жобаның өзектілігі: Проект «Ұсақ түйіршікті өздігінен тығыздалатын бетонды пайдалана отырып, кернеулі темірбетон бұйымдарын өндірудің энергия үнемдейтін технологиясы» В30 класты өздігінен тығыздалатын бетон құрамын әзірлеуге және оны дірілсіз, энергия үнемдейтін технологияда өндірістік сынақтан өткізуге бағытталған. Жоба бетон сапасын төмендетпей, жылу-ылғалдылық өңдеу кезінде изотермиялық ұстама температурасын төмендетуді, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту үшін шу мен дірілді азайтуды көздейді. Зерттеу барысында бетон құрамын оңтайландыру, цемент гидратациясының әсерін талдау және температураны 50°C-тан төмендету мүмкіндігін бағалау жоспарланған. Нәтижесінде өндірістің тиімділігін арттыратын, энергия шығындарын азайтатын және қолданыстағы зауыттарға оңай енгізілетін инновациялық технологиялық регламент әзірленеді.
Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Қауымдастырылған профессор, Жұмаділова Жанар Оразбекқызы
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Нәтижесінде алғаш рет дірілсіз технология бойынша В30 класты бетоннан темірбетон бұйымдарын өндіруге арналған технологиялық регламент әзірленеді. Жобаның әлеуметтік әсері еңбек жағдайларын жақсартуда, яғни шу мен діріл жүктемесін азайту және өндірістік процесті жеңілдету арқылы көрінеді. Экономикалық тиімділік бумен өңдеу кезінде изотермиялық ұстама температурасын төмендету және діріл жабдықтарын қолданудан толық бас тарту есебінен энергия шығындарын азайтумен негізделеді. Бұл діріл қондырғыларын сатып алу, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану шығындарын жоюға мүмкіндік береді, ал технологияны қолданыстағы зауыттарда елеулі өзгеріссіз енгізуге болады. Жоба аясында Web of Science (Q1, Q2) және Scopus базаларында кемінде 4 ғылыми жарияланым шығару және пайдалы модельге 1 патентке өтінім беру жоспарланған.
Жарияланымдар тізімі
- Жұмаділова Ж. О. Fine-grained self-compacting concrete with polyfunctional additive and enhanced performance properties / Ж. О. Жұмаділова, Z. Zhumadilova, A. Kanarbay, D. Akhmetov, A. Aldigaziyeva // Technobius. – 2025. – Т. 5, № 4. – С. 86. – DOI: https://doi.org/10.54355/tbus/5.4.2025.0089. – e-ISSN 2789-7338.