AP23489765 – Құрамында күкірті бар жаңа улы емес реагенттер негізінде тотыққан кендерді байыту технологиясын жетілдіру
Мақсаты – Экологиялық таза реагенттерді пайдалана отырып өңделуі қиын полиметалл шикізатын өңдеу технологиясын жасау. Экологиялық таза реагенттерді қолдану арқылы ұсынылып отырған технология құрамында асыл және сирек металдар бар қиын байытылатын полиметалл шикізатын флотациялық байытудың технологиялық көрсеткіштерін ұсынылған реагенттерді тұтынуды 10-20%-ға азайту арқылы 3-5%-ға жақсартады.
Жобаның өзектілігі: Соңғы жылдары минералдық шикізат сапасының төмендеуі және тау-кен металлургия саласындағы экологиялық мәселелердің ушығуы байқалуда, бұл кенді дайындау процестерін жетілдіруді және селективті флотациялық реагенттерді әзірлеуді талап етеді. Экологиялық талаптарды сақтау қажеттілігі жоғары тиімділік, селективтілік және төмен уыттылықты үйлестіретін жаңа реагенттік режимдерді қалыптастыруға әкелді. Флотацияның тиімділігі қолданылатын реагенттердің сапасы мен ассортиментіне байланысты, сондықтан күрделі полиметалдық кендерді өңдеуге арналған жаңа флотореагенттерді әзірлеу өзекті мәселе болып табылады. Көптеген кен түрлері жеке тәсілді қажет етеді, себебі бірдей реагенттік схемалар әртүрлі кен орындары үшін әртүрлі нәтижелер береді, бұл зертханалық және тәжірибелік зерттеулер негізінде бейімдеуді талап етеді. Флотация мыс, мыс-мырыш және полиметалдық кендерді, сондай-ақ металлургиялық қалдықтарды өңдеуде кеңінен қолданылады. Тотығқан және аралас кендер көбінесе сульфидті кендермен бірге өңделеді, алайда оларды тиімді алу күрделі мәселе болып қала береді. Күкіртсутек пен сульфидтеуші реагенттердің қасиеттері белгілі болғанымен, олардың қолданылуы уыттылық пен технологиялық қиындықтарға байланысты шектеулі. Қазақстанда бұл мәселе минералдық-шикізат базасының сарқылуымен күрделене түсуде, ал өндірілетін шикізаттың едәуір бөлігін өңдеуі қиын тотығқан кендер құрайды. Оларды өңдеудің тиімді технологияларының болмауы қалдықтардың жиналуына және өндірістік шығындардың артуына әкеледі, сондықтан сульфидтеу мен флотацияны қоса алғанда тиімді әдістерді дамыту аса маңызды.
Ғылыми жетекші: Ph.D. докторы, Қауымдастырылған профессор, Мамбеталиева Алима Рахматуллаевна
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Экологиялық қауіпсіз реагенттерді қолдану арқылы концентратты бөлуге арналған тиімді технология әзірленді, бұл түсті металдарды 3–5 % жоғары дәрежеде алуға мүмкіндік береді. Қорғасынның алынуын барынша арттыру үшін натрий сульфидінің оңтайлы шығынын анықтау және оның алтын, күміс және мырыштың алынуына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Реагенттің оңтайлы мөлшері қорғасын концентратының шығымын арттырып, оның сапасын төмендетпей, ілеспе металдардың шығынын азайтатыны анықталды. Экологиялық қауіпсіз күкіртті реагенттерді, оның ішінде селективті модификацияланған жинағыштарды қолдана отырып реагенттік режимдер жетілдірілді және оңтайландырылды. Оларды қолдану Na₂S шығынын азайтуға, технологиялық көрсеткіштерді сақтай отырып, селективтілікті арттыруға және компоненттерді бөлуді жақсартуға мүмкіндік берді. Ең жоғары нәтижелер ФРИМ–2920 реагентін қолданғанда алынды, бұл кезде қорғасынның мөлшері 4,13 %, ал алынуы 58,51 % болды. Сонымен қатар кальций полисульфидін (CaSn) қолдану арқылы реагенттік режим зерттелді, ол натрий сульфидіне қарағанда жоғары тиімділік көрсетті. 700 г/т мөлшерінде қорғасын мөлшері 8,13 %-ға дейін, ал алынуы 53,56 %-ға дейін артты, күмістің алынуы да 66,10 %-ға дейін өсті. CaSn минерал бетінде тұрақты сульфидтік қабықшалар түзіп, гидрофобизацияны және реагенттермен әрекеттесуді жақсартатыны анықталды. Нәтижесінде қиын байытылатын полиметалдық шикізатты өңдеудің технологиясы әзірленді, ол улы натрий сульфидін алмастыруға және сульфидизатор шығынын 10–20 % төмендетуге мүмкіндік береді. Аяк-Коджан және Коскудук кен орындарының шикізатының заттық құрамы зерттеліп, базалық және экологиялық қауіпсіз реагенттерді қолдана отырып флотация режимдері жетілдірілді. Алынған нәтижелер экологиялық жүктемені төмендете отырып, флотация тиімділігін және металдарды кешенді алу деңгейін арттыру мүмкіндігін дәлелдейді.
Жарияланымдар тізімі
- Mambetaliyeva A., Tussupbekova T., Sabirova L., Makasheva G., Rysbekov K., Barmenshinova M. Study of oxidative–reductive potential changes in the enrichment of oxidized polymetallic ores // Applied Sciences. – 2025. – Vol. 15. – Art. 6091. – DOI: https://doi.org/10.3390/app15116091
- Мамбеталиева А.Р., Мухтаркызы А., Шаутенов М.Р. Исследование влияния сульфидирования с применением сернистого натрия на окисленные свинцово-цинковые руды месторождения Коскудук // Вестник КазУТБ. – 2024. – № 1. – DOI: https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-603