Университеттің ғылыми жобалары

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ең маңызды жетістіктерінің бірі – өндіріске ұсынылған және енгізілген ғылыми технологиялар болып табылады.

Зерттеулердің негізгі басым бағыттары:

  • Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
  • Энергетика, озық материалдар және транспорт
  • Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
  • Өмір және денсаулық туралы ғылым
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамыту
  • Елдің зияткерлік әлеуеті
  • Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік

Жұмыстың басым міндеттері - жаңа білім алу; отандық технологияларды жасау және коммерцияландыру үшін қажетті серіктестік тетіктерін қалыптастыру; инновациялық қызметті қаржылық қолдау жүйесін жетілдіру; ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетті дамыту және инновациялық экономика саласын дамытудың өзге де маңызды мәселелерін шешу болып табылады.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті - елдегі инновациялық ғылыми зерттеулердің көшбасшысы. Университеттің ғалымдары мен оқытушылары әлемдік жетекші журналдарда мақалалар жариялайды, өнертабыстар, патенттер және авторлық куәліктер саны артып келеді. Университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, шаруашылық субъектілерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іргелі және қолданбалы идеяларды қалыптастырады.

Университет зерттеушілері еліміздің еңбек нарығында жоғары бағаланады және шетелдегі беделді симпозиумдар мен конференцияларда мойындалып келеді. Олар білім мен технологиялардың жаңа салаларын белсенді игеріп, ғылыми-техникалық зерттеулердің нәтижелерін идеядан бастап өндіріске енгізуге дейінгі инновациялық тізбек бойынша жүзеге асырады.

Университет өзінің болашағын алдағы төртінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, ғылыми жұмысты алдағы жылдарға жоспарлайды.

AP08856867 – НДФЗ жағдайында сары фосфорды тазартудың технологиялық процесін оңтайлы басқарудың интеллектуалды алгоритмдерін әзірлеу және сынау
AP08857522 – RoboMech класының параллельді манипуляторларын жасау
AP08857201 – Синтетикалық алмаздармен жәнежоғары беріктігі мен тер-көпірі бар композициялық алмаз-ды кескіштермен жабдықталған ұңғымаларды бұрғылауға арналған тиімділігі жоғары жы-нысты талқандайтын құралды әзірлеу
AP08856422 – Декольматациялық гидродинамикалық құрылғысы мен көп функциялы мақсаттағы химиялық реагенттерді бірге қолдана отырып, уран кендерін ұңғымалық өндіруді интенсификациялаудың ғылыми негіздерін әзірлеу
AP08857097 — Орталық Қазақстанның рудалық кенорындарын ауқымды игеру кезіндегі жер беті деформациялық процестерін кешенді мониторингтеу
АР08857087 — Инновациялық тау-кен көлік жүйелерін енгізу және тік қабаттардың шекті жағдайы жағдайында терең карьерлерде кен өндіру қарқындылығын арттыру
AP08855714 — Майда дисперсті минералды ұнтақты жүйе негізіндегі жылыуоқшаулағыш жабын
AP08856384 — ЖЭО мен металлургиялық кәсіпорындардан шығарылатын газдардан SO2 және CO2 қайта өңдеудің жаңа жоғары технологиялық технологиясын әзірлеу
AP08855521 — Ньютондық сұйық қозғалысының тұтқырлы пластикалық күйіне ауысуын зерттеу
AP08857034 — Аддитивті технологиямен жоғары сапалы бұйым жасауға, бағдарламалық басқарылатын газдинамикалық қондырғылы камераны және баспақтау қондырғының жаңа конструкциясын жасап шығару
AP08857367 — Қазақстанда өндірілетін ортадан тепкіш сорғылардың энергиялық тиімділік және сенімділік көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар дайындау
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Электрондық пошта мекенжайыңызға растау хаты жіберілді. Электрондық пошта мекен-жайыңызды растауды ұмытпаңыз.

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту