АР08857087 — Инновациялық тау-кен көлік жүйелерін енгізу және тік қабаттардың шекті жағдайы жағдайында терең карьерлерде кен өндіру қарқындылығын арттыру
Жобаның мақсаты-тау-кен жұмыстары карьердің шекті үстіңгі контурына жақындағанға дейін стационарлық көліктік көтергішті қалыптастыру кезінде ашық қазбаланған кеңістіктің ұштасатын қуыстарының пішінін өзгертудің және оларды тік-көлбеу қабаттарда жүргізудің оның борттарының орнықтылығына әсерін белгілеу және дөңгелек пішінді карьерлік алқаптарда тау-кен көлігі жүйесін жаңғырту кезінде тау-кен жұмыстарының жоғары ырғақты өндірісін қамтамасыз ету.
Өзектілігі: Тік-көлбеу қабаттарда көлденең панельдермен кертпештерді өңдеу технологиясының (ашық қазбаның шекті беткі контурының өтуіне дейін және кейін) тау жыныстары массивінің кернеулі жай-күйіне және кен өндірудің қарқындылығына әсер ету проблемасы шешілмеген күйінде қалып отыр. Терең және өте терең карьерлерде кен өндіру қарқындылығы тау-кен жұмыстарының аршу жұмыстарынан қатаң байланысына байланысты айтарлықтай төмендейді. Жоғарыдан төменге қарай тау-кен жұмыстарының көлбеу қабаттарында өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кен өндіру мен аршу қазбаларына тәуелділікті азайту ашық геотехнология мен геомеханиканың өзекті мәселелері болып табылады.
Ғылыми жетекшісі: Техникалық ғылымдар докторы, Профессор, Молдабаев Серік Курашұлы
Алынған нәтижелер: Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында RS3 бағдарламалық кешенін қолдана отырып, Качар карьері борттарының тұрақтылығына қатысты кернеулі-деформацияланған күйдің 3D геомеханикалық модельдеуі орындалды. Қазу кезеңдерінің әртүрлі сатыларында сырғымалы беріктілікті төмендету әдісі арқылы тұрақтылық қоры коэффициенті анықталды. Ең жоғары деформация аймақтары зерттеліп, тау-кен-геологиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты ықтимал сырғымалы жазықтықтар белгіленді. Жарықшақтылық, сулану және сейсмикалық әсерлердің массив тұрақтылығына ықпалы модельденді. Крутоқұламалы қабаттарды және көлденең панельдік қазу технологияларын қолдану бойынша жаңа шешімдер әзірленді. Тау-кен жұмыстарын күнтізбелік жоспарлау үшін математикалық модель және бағдарламалық өнім жасалды. Нәтижелер карьердің көлік жүйесін қауіпсіз және тиімді жаңғыртуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді.
Жарияланымдар тізімі
- Shcherbakov P.N., Timchenko S.E., Bitimbaev M.Zh., Sarybaev N.O., Moldabayev S.K. Mathematical model of optimization of drilling and blasting operations in opencast mining of rocky mineral deposits // Mining of Mineral Deposits. – 2021. – Vol. 15(1). – P. 25–34. – DOI: https://doi.org/10.33271/mining15.02.025. (CiteScore 2.8, percentile 63).
- Moldabayev S.K., Sdvizhkova O.O., Babets D.V., Kovrov O.S., Adil T.K. Numerical simulation of the open pit stability based on probabilistic approach // Naukovyi Visnyk Natsionalnoho Hirnychoho Universytetu. – 2021. – № 6. – P. 29–34. – DOI: https://doi.org/10.33271/nvngu/2021-6/029. (CiteScore 1.7, percentile 50).
- Sarybayev N.O., Moldabayev S.K., Sodaba Hurmat, Bagdatov T.E. Development perspectives of cyclic and continuous method // Горный журнал Казахстана. – 2021. – № 5. – С. 26–29.
- Sarybayev N.O., Moldabayev S.K., Sadat Hosay. Cyclic and continuous method in coal mining // Горный журнал Казахстана. – 2021. – № 6. – С. 20–23.
- Moldabayev S.K., Adil T.K., Sultanbekova Zh.Zh., Akhmetkanov D.K., Kozhantov A.U. Reliability of stress–strain state modeling of excavations in deep open pits // Trudy universiteta. – Karaganda: KarTU, 2022. – P. 129–136. (KOKSON).
- Moldabayev S.K., Toktarov A., Basketin A. Optimization of boundaries of application of automobile–conveyor–rail transport in deep iron ore open pits // Marksheideriya i nedropolzovanie. – 2022. – № 2(118). – P. 37–40.
- Moldabayev S.K., Adil T.K., Isakov B.B., Oraltaev N.N. Reserves for increasing productivity of steeply inclined conveyor during transfer of rock mass to in-pit railway transport // Proceedings of the XXI Baikonurov Readings. – Zhezkazgan, 2021. – P. 164–169. – ISBN 978-601-7971-70-0.
- Moldabayev S.K. Basic provisions for determining the feasibility of using a transfer device in the deep zone of ore pits // Proceedings of the International Scientific and Practical Conference dedicated to the 115th anniversary of A.Zh. Mashanov and 100th anniversary of Zh.S. Erzhanov. – Almaty: Satbayev University, 2022. – P. 171–178. – ISBN 978-601-323-277-5.
- Moldabayev S.K., Adamchuk A.A., Isakov B.B., Sarybayev N.O. Transfer device for operation in the deep zone of ore pits // Same conference proceedings. – 2022. – P. 178–185. – ISBN 978-601-323-277-5.
- Patent RK No. 34721 (application No. 2019/0144.1 dated 21.02.2019). Transport installation for reworking near-contour reserves under railway pillars / Moldabayev S.K., Kuzmenko S.V., Kalyuzhny E.V., Adamchuk A.A., Shustov A.A. – Bulletin No. 46, 20.11.2020.
- Patent RK No. 35001 (application No. 2019/0245.1 dated 08.04.2019). Device for transferring rock from conveyor to railway transport / Moldabayev S.K., Kuzmenko S.V., Kalyuzhny E.V., Shustov A.A., Aben E. – Bulletin No. 15, 16.04.2021.
- Application No. 2021/0600.1 (dated 06.10.2021). Device for through passage of dump trucks during unloading / Moldabayev S.K., Adamchuk A.A., Askarov E.S., Kuzmenko S.V., Kalyuzhny E.S., Bogash M.I.
- PCT application RST/KZ2019/00012 (02.07.2021). Device for transferring rock from road transport to conveyor hoist / Moldabayev S.K., Kuzmenko S.V., Kalyuzhny E.V., Drizhenko A.Yu., Adamchuk A.A. – Available in European Patent Office database (EPO), No. 24659-PCT-EP.
- Patent RK No. 35754 (application No. 2021/0275.1 dated 30.04.2021). Transport installation for deep open pits / Moldabayev S.K., Adamchuk A.A., Aben E., Kuzmenko S.V., Kalyuzhny E.S., Bogash M.I. – Bulletin No. 28, 15.07.2022.
- Notification of intention to grant Eurasian patent (application No. 202192683 dated 16.09.2022). Transport installation for deep open pits / Moldabayev S.K., Adamchuk A.A., Aben E., Kuzmenko S.V., Kalyuzhny E.S., Bogash M.I. – 20.09.2022.