AP08856867 – НДФЗ жағдайында сары фосфорды тазартудың технологиялық процесін оңтайлы басқарудың интеллектуалды алгоритмдерін әзірлеу және сынау
Бұл жобаның мақсаты - НДФЗ өндірістік жағдайында фосфорды мышьяк пен органикалық заттардан тазартудың технологиялық процестерін оңтайлы басқарудың интеллектуалды алгоритмдерін әзірлеу және сынау.
Өзектілігі: Технологиялық процестердің математикалық сипаттамасын құрудың орнына технологиялық операторлардың білімі, тәжірибесі және интуициясы негізінде сары фосфорды мышьяк пен органикалық қоспалардан тазартудың технологиялық процесін басқарудың оңтайлы моделін жасау. Бұл фосфорды тазарту процесін басқарудың оңтайлы алгоритмдерін әзірлеу уақытын айтарлықтай қысқартуға, басқарудың математикалық моделінің (басқару алгоритмі) сәйкестігін жақсартуға және сол арқылы құрылатын басқару жүйесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми жетекшісі: Техникалық ғылымдар докторы, Профессор, Сүлейменов Батырбек Айтбайұлы
Алынған нәтижелер: Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында сарапшыларды таңдау әдістемесі әзірленіп, сары фосфорды тұндыру және тазарту цехының технологиялық процестері талданды. Тұндыру, шламды сусыздандыру және мышьяктан тазарту процестерін сипаттау үшін бұлдыр, нейро-бұлдыр және нейрондық желілерге негізделген интеллектуалды басқару модельдері мен алгоритмдері жасалды. Негізгі технологиялық айнымалыларды анықтау мақсатында толық факторлық эксперимент жоспарлары қолданылып, модельдеу жүргізілді. Әзірленген модельдер адекваттылық, тұрақтылық, сезімталдық және бірмәнділік бойынша тексеріліп, олардың физика-химиялық заңдылықтарға сәйкестігі дәлелденді. Алгоритмдер бағдарламалық ортада іске асырылып, OPC DA стандарты арқылы NS 900 PLC контроллеріне енгізілді. Өнеркәсіптік сынақтар өнім шығымының артуын және сапасының жақсаруын көрсетті. Алынған нәтижелер ұсынылған интеллектуалды басқару әдістерінің тиімділігін дәлелдейді.
Жарияланымдар тізімі
- Kulakova Ye.A., Suleimenov B.A. Development and research of intelligent algorithms for controlling the process of ore jigging // International Journal of Emerging Trends in Engineering Research. – 2020. – Vol. 8, No. 9. – P. 6240–6246. – DOI: https://doi.org/10.30534/iieter/2020/214892020
- Makhanbet M., Lv T., Orynbet M., Suleimenov B. A fully distributed and clustered learning of power control in user-centric ultra-dense HetNets // IEEE Transactions on Vehicular Technology. – 2020. – Early Access. – P. 1–1. – DOI: https://doi.org/10.1109/TVT.2020.3013329
- Toktassynova N., Fourati H., Suleimenov B. Application of grey system theory to phosphorite sinter process: from modeling to control // Asian Journal of Control. – 2021. – Vol. 23, No. 1. – P. 13–22. – DOI: https://doi.org/10.1002/asjc.2348
- Kulakova Ye.A., Wójcik W., Suleimenov B., Smolarz A. Comparison of intelligent control methods for the ore jigging process // International Journal of Electronics and Telecommunications. – 2021. – Vol. 67, No. 3.
- Toktassynova N., Suleimenov B.A., Kulakova Ye.A. Modeling of phosphorus production processes and developing a management structure based on grey systems // Energy- and resource-saving technologies of developing the raw-material base of mining regions. – Multi-authored monograph. – Petroșani: UNIVERSITAS Publishing, 2021. – P. 239–275. – ISBN 978-973-741-733-6. – DOI: https://doi.org/10.31713/m1001
- Batayev N., Suleimenov B., Batayeva S. Centrifugal compressor anti-surge control system modelling // International Journal of Electrical and Computer Engineering. – 2022. – Vol. 12, No. 2. – P. 1419–1428. – DOI: https://doi.org/10.11591/ijece.v12i2.pp1419-1428
- Suleimenov B.A., Doshtaev B.Zh., Beisembayuly S. Intelligent algorithms for controlling yellow phosphorus purification processes: monograph. – Almaty: Shikula, 2022. – 109 p. – ISBN 978-601-323-316-1.